2018 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 47 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 4440 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының, 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2017 жылдың 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. 2018 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы әкімінің
міндеттерін атқарушы
М.Нұркенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
қорғаныс Министрлігінің
"Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2017 жылдың "30" қарашасы
Қ. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады