"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы № 13/1 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 22/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 қаңтарда № 4553 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 27.12.2023 № 8/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы № 13/1 шешіміне (2017 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4184 болып тіркелді) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 31-тармағы, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) бас бостандығынан айыру түрiнде сот белгiлеген қылмыстық жазасын өтеу уақытына.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Е. Габдулин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Молдахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің

      міндетін атқарушы

      ________________ А. Сапаров

      2017 жылғы "29" желтоқсан

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы "22" желтоқсандағы № 22/5 шешіміне қосымша


  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар ауданының
  әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына
  2-қосымша

Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

Р/с

Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санаты

Жан басына шаққандағы орташа табыстың ең төменгі күн көріс деңгейіне еселік қатынасы

Әлеуметтік көмектің атауы

Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері

Әлеуметтік көмек көрсету еселігі

Әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

1.

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен немесе мүліктік залал тартқан азаматтар (отбасылар)

Табысты есепке алмағанда

Төтенше жағдайларға байланысты

75 айлық есептік көрсеткіш

Біржолғы

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады