Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 278 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 қарашада № 4358 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 27-бабының 3-тармағына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 140 "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар үшін Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай ұсыну туралы" қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2017 жылғы 06 маусымда № 4215 тiркелді, 2017 жылғы 08 маусымда электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды);

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 159 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында ауылдық округтері және Булаев қаласы әкімдеріне кандидаттарға үгіттік баспаматериалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 23 маусымда № 4234 тіркелді, 2017 жылғы 08 маусымда электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының басшысы С.И. Мақұловқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев ауданының
      әкімі А. Бегманов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев аудандық
      сайлау комиссиясының
      төрағасы В.А.Фиц
      2017 жылғы 31 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады