Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімінің 06.12.2017 № 13 шешімімен (алғаш рет ресми жариялған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Занының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Мамлют ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 12 кыркүйегіндегі №13-12/144 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округінің Искра ауылында "Союз" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдын инфекциялық ринотрахеит ауруы бойынша шектеу іс-шаралары жалпы аланда белгіленсің.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігінің ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық сәттілікке қол жеткізу үшін қажет ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жариялған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң енгізіледі және 2017 жылғы 12 қыркүйегінен пайда болған қатынастарға тарайды.
Ауылдық округі әкімінің | |
міндетін атқарушы | Н. Құсайнов |