Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің 26.09.2017 № 5 шешімімен (алғаш ресми жариялған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес және Мамлют ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 30 мамырдағы № 13-12/89 ұсынысы негізінде Қызыләскер ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округінің Қызыләскер ауылында "Кзыласкерское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында ірі қара малдың вирус диареясы ауруы бойынша шектеу іс-шаралары жалпы 6000 шаршы метр алаңда белгіленсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық сәттілікке қол жеткізу үшін қажет ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жариялған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 30 мамырынан бастап пайда болған қатынастарға тарайды.
Ауылдық округтің әкімі | Б. Құрымбаев |