"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Занының 35, 37 баптарына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Занының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округінің "Кзыласкерское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында ірі қара малдың вирус диареясы ауруы бойынша шектеу іс-шараларын алып тастау туралы" Мамлют ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 7 қыркүйектегі №13-12/139 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округінің "Кзыласкерское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында ірі қара малдың вирус диареясы ауруы бойынша шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округінің Қызыләскер ауылында "Кзыласкерсоке" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында ірі қара малдын вирус диареясы ауруы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 3-ш шешімінің күші жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 30 маусымда жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4239 болып тіркелген).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жариялған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызыләскер ауылдық округінің әкімі | Б. Құрымбаев |