"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2017 жылғы 2 маусымдағы № 91 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 маусымда № 4235 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 151/13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 19.04.2024 № 151/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 6 ақпандағы 3938 болып тіркелді, "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 30 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғары көрсетілген мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы";

      орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді;

      осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы
мәслихатының кезектен тыс XV
сессиясының төрағасы
Қ. Шәріпов
      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша
ауданы мәслихатының хатшысы
Қ. Шәріпов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2017 жылғы 2 маусымдағы № 91 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 шешіміне 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері

      Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері (бұдан әрі - Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 50071 болып тіркелді), "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 45261 болып тіркелді), "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7412 болып тіркелді) сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін белгілейді.

1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға)

тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағында тұрақты тұратын және жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі.

      2. Тұрғын үй көмегi кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, сондай-ақ жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға және отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне он пайыз құрайтын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 50071 болып тіркелді) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға жүгінеді.

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті орган "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11015 болып тіркелді) бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      5. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін ағымдағы тоқсанға тағайындауды жүргізеді және қызмет алушылардың жеке шоттары арқылы коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге аударуды жүзеге асырады.

      6. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Ережесіне сәйкес отбасының алдыңғы тоқсандағы табыстары есептелінеді.

      7. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындар жеткізушілердің коммуналдық қызметтер төлемдеріне ұсынған шоттары бойынша өтініш білдірген тоқсан үшін алынады.

      8. Отбасының (азаматтың) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге, коммуналдық қызметтер көрсету тарифтеріне ақысына кеткен шығындары, отбасының құрамы мен кірістері өзгерген жағдайда, белгіленген тұрғын үй көмегінің сомасы қайта есептеледі.

      9. Тұрғын үй көмегі көрсетілген кезде отбасындағы уақытша болмаған тұлғалар есепке алынбайды, ол тиісті құжатпен расталуы тиіс.

      10. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің күрделі жөндеуінің төлемақысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемелекеттік тіркеуден өткен кондоминиум объектісін басқару органының шотына тиесілі сомаларды аудару арқылы қызмет алушының өтініші негізінде жүргізіледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

      11. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі келесі мөлшерлерді ескере отырып, көрсетіледі:

      1) жылу мен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау шығындарын төлеу бойынша, тұрғын үй аумағының нормасы Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру өлшемдерімен балама:

      жеке басты азаматтар үшін 30 шаршы метр шегінде;

      екі және оданда көп адамнан тұратын отбасы үшін әрбір адам басына 18 шаршы метр.

      2) басқа коммуналдық қызметтерді көрсету түрлері бойынша – орталық және жергілікті атқарушы органдарының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес.

      12. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтыну және мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға алу ақысының шығындарын өтеу нақты шығындар бойынша жүргізіледі.

      13. Коммуналдық қызметтердің пайдаланылуын есептеу құрылғысы бар отбасылар (азаматтар) үшін есеп айырысуға қолданылатын шығындар, қызметтер есептеу құрылғысының көрсеткіштері негізінде өтініш білдірген тоқсанның нақты шығыстары бойынша алынады.

      14. Тұрғын үй көмегінің мөлшері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға шығындарына нақты есептелген төлем сомасынан аса алмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады