2017 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 288 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 қыркүйекте № 4303 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының 2017 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3 Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Иманслям

  Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 тамыздағы №288 қаулысына қосымша

2017 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеген ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота
пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

"Ильич-Тайынша" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

90

2%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады