Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2017 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында тіркеу және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 06 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 наурызда № 4103 болып тіркелді
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2017 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ү.Қ. Нұртазинаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз