Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында жүзеге асырылатын жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 58а қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 наурызда № 4122 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында жүзеге асырылатын жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Ысқақовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алқашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тимирязев ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
А. Ысқақов
       "КЕЛІСІЛДІ"
      Аудандық мәслихат
сессиясының шешімімен
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С. Мұстафин
      2017 жылғы 6 наурыз № 11/17

  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 наурыз № 58а қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында жүзеге асырылатын жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері


Маршрут атауы
Біл жолдың ақысы, теңге
1
Дружба а. - Тимирязев а.
370
2
Ленинское а. - Тимирязев а.
560
3
Докучаево а. – Тимирязев а.
220
4
Хмельницкое а. - Тимирязев а.
340
5
Жарқын а. - Тимирязев а.
590

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады