1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан, 2017 жылға Тимирязев ауданының ұйымдардағы қызметшілердің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 1 қосымшаға сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Базарханов |
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 66 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі
Ұйымның атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота үлесі | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам) |
"Агрофирма Солтүстік Байлық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 1% | 1 |