Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қарашада № 17/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 желтоқсанда № 4396 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мəслихатының 07 тамыз 2019 жыл № 36/6 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мəслихатының 07.08.2019 № 36/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
XVII сессиясының төрағасы
Б. Дүйсембаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С. Мұстафин

  Тимирязев аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 17/3 шешімімен бекітілген

Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындау қағидалары

      1 Осы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 50071 болып тіркелді), "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 45261 болып тіркелді), "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412 болып тіркелді) сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

      3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге жұмсалатын шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша отбасының жиынтық табысының он пайызын құрайтын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      4. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі келесі мөлшерлерді ескере отырып, көрсетіледі:

      1) жылу мен тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау шығыстарын төлеу бойынша, тұрғын үй көлемінің нормасы Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру өлшемдерімен балама:

      жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метр шегінде;

      отбасы үшін әрбір адам басына 18 шаршы метр;

      2) басқа коммуналдық қызмет түрлері бойынша – орталық және жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес.

      5. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына жұмсалатын шығыстарды өтеу нақты шығыстар бойынша жүргізіледі.

      6. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысы шығыстарына нақты есептелген төлем сомасынан аса алмайды.

Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Тимирязев ауданы аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) құжаттарды "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелді) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "www.egov.kz. "электронды үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады.

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі табылады (бұдан әрі – уәкілетті орган).

      10. Жеке басында бір тұрғын үйден артық (пәтер, үй) немесе тұрғын үйін жалға (арендаға) беретін аз қамтамасыз етілген отбасылар (азаматтар) тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

      11. Тұрғын үй көмегi барлық топтағы мүгедектер мен бір айдан артық стационарлық емдеудегі адамдарды, оқушылар, күндізгі оқу орындарындағы студенттер, тыңдаушылар, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ бірінші және екінші топ мүгедектерін, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндерді, сексен жастан асқан қарттар мен 7 жасқа дейінгі балалармен отырған адамдарды қоспағанда, жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмегендерге, ұсынылған жұмыстан, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындар мен қоғамдық жұмыстардан, кәсіби оқу мен қайта оқудан, біліктілігін арттырудан себепсіз бас тартқан жұмыссыздардың отбасыларына көрсетілмейді.

Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін есептеу

      12. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412 болып тіркелді) негізінде тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы үшін уәкілетті орган есептейді.

Тұрғын үй көмегін төлеу

      13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы, өтініш берушінің дербес шоттарына есептелген соманы аудару жолымен жүзеге асырылады.

      14. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудан бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады