"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына а сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне 2018 жылғы қаңтар - наурыз аралығында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім бірінші ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н.Есімов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің "Солтүстіқ Қазақстан облысы Шал ақын ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы 2017 жылғы 30 қараша |
Р.Р.Муратбеков |