Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 213 "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентiн бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 168 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 шілдеде № 3925 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 17.07.2019 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 213 "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентiн бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3276 болып тіркелген, 2015 жылы 20 тамызда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) мемлекеттік тілдегі мәтінде қаулының тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы";

      мемлекеттік тілдегі мәтінде қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.";

      мемлекеттік тілдегі мәтінде қаулының 4-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 "Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілуінен бұрын емес.";

      2) қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      мемлекеттік тілдегі мәтінде тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті";

      мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, қаланың және ауданның мемлекеттік архивтері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      3-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы архивтік анықтама немесе олардың болмауы туралы жауап, немесе архивтік құжаттардан куәландырылған архивтік көшірмелер мен үзінділер.";

      4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 "Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11086 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған өтінішті не порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) немесе бір реттік паролімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.";

      5-тармақтың 3) тармақшасындағы және 1, 2-қосымшалардағы "күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде" деген цифрлар және сөздер "9 (тоғыз) жұмыс күн ішінде" деген цифрмен және сөздермен ауыстырылсын;

      мемлекеттік тілдегі мәтінде 7-тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшада берілген.";

      мемлекеттік тілдегі мәтінде Регламенттің 1-қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша";

      Регламенттің 2-қосымшасында:

      мемлекеттік тілдегі мәтінде Регламенттің 2-қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша";

      мемлекеттік тілдегі мәтінде тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы";

      мемлекеттік тілдегі мәтінде Регламенттің 3-қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады