Атырау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 189 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 қыркүйекте № 3944 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 87

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 04.05.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 53 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13375 тіркелген) бекітілген Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесінің 6-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы С. Лұқпанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "7" тамыз

  Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "25" шілдедегі № 189 қаулысына қосымша

Атырау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі

№ р/с

Аудан атауы

Ауылдық округ атауы

Ауылдық елді мекен атауы

1

Индер ауданы

Есбол ауылдық округі

Есбол ауылы

2

Исатай ауданы

Жанбай ауылдық округі

Жанбай ауылы

3

Исатай ауданы

Қамысқала ауылдық округі

Х. Ерғалиев ауылы

4

Құрманғазы ауданы

Ақкөл ауылдық округі

Ақкөл ауылы

5

Қызылқоға ауданы

Сағыз ауылдық округі

Сағыз ауылы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады