Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 18.12.2019 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.
2. "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
С. Лұқпанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі ______________ А. Мұхамедиұлы |
2017 жылғы "28" қараша
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "28" қарашадағы № 315 қаулысына қосымша |
Атырау облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Спорт түрлерінің атауы | ||||||
Топтар | № | Олимпиадалық емес спорт түрінің атауы | Жазғы олипиадалық спорт түрінің атауы | Қысқы олимпиадалық спорт түрінің атауы | Паралимпиадалық спорт түрінің атауы | Ұлттық спорт түрінің атауы |
"А" тобы | 1 | Арбада билеу (ТҚАЗ) | Ауыр атлектика | Шайбалы хоккей | Дзюдо (КҚЗ) | Жекпе-жек |
2 | Армрестлинг (ТҚАЗ) | Баскетбол | Шорт-трек | Жеңіл атлетика (КҚЗ, ТҚАЗ) | Көкпар | |
3 | Би спорты | Байдарка мен каноэ есу | Жүзу (ТҚАЗ) | Қазақ күресі | ||
4 | Джиу-джиутсу | Бокс | Оқ ату (ТҚАЗ) | Құсбегілік | ||
5 | Дойбы (КҚЗ, ТҚАЗ) | Волейбол | Отырып ойнау волейболы (ТҚАЗ) | Тоғызқұмалақ | ||
6 | Жеңіл атлетика (ЕҚЗ) | Грек-рим күресі | Пауэрлифтинг (ТҚАЗ) | |||
7 | Кикбоксинг | Дзюдо | Таэквондо (ТҚАЗ) | |||
8 | Киокушинкай канн каратэ | Еркін күрес (ерлер, әйелдер) | Үстел теннисі (ТҚАЗ) | |||
9 | Муайтай | Жүзу | ||||
10 | Панкратион | Каратэ-до | ||||
11 | Самбо | Таеквондо | ||||
12 | Сурдо грек-рим күресі | |||||
13 | Сурдо еркін күресі | |||||
14 | Тоғызқұмалақ (КҚЗ, ТҚАЗ) | |||||
15 | Шахмат | |||||
16 | Шахмат (КҚЗ, ТҚАЗ) | |||||
"В" тобы | 1 | Аралас ұрыс жекпе-жегі ММА | Жеңіл атлетика | Мәнерлеп сырғанау | Бәйге | |
2 | Белбеу күресі | Көркем гимнастика | Жамбы ату | |||
3 | Бодибилдинг, гір спорты, қол күресі | Қазіргі бессайыс | Жорға | |||
4 | Дойбы | Оқ ату | ||||
5 | Каратэ кекушинкай РҚБ БҚККҰ | Стенд ату | ||||
6 | Каратэ шотокан | Су добы | ||||
7 | Каратэ-до шинкекушинкай | Үстел теннисі | ||||
8 | Қоян қолтық күрес | Теннис | ||||
9 | Президенттік көпсайыс | Футбол | ||||
10 | Сурдо үстел теннисі | |||||
11 | Сурдо шағын футболы | |||||
12 | Сурдо шахмат | |||||
"С" тобы | 1 | Ушу саньда | Қол доп | Керлинг | Аударыспақ | |
2 | Тас жолдағы велосипед спорты | Қыз қуу | ||||
3 | Теңге ілу |
Аббревиатураның мағынасы:
ЕҚЗ – есту қабілеті зақымданған;
КҚЗ – көру қабілеті зақымданған;
РҚБ БҚККҰ – Республикалық қоғамдық бірлестік бүкіл Қазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы;
ТҚАЗ – тірек қозғалысы аппараты зақымданған.