"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі және 21 желтоқсандағы қорытындылары негізінде Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс ХVІІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мынадай көшелерге:
1) Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданындағы № 3 көшеге – Жақсығали Есембаевтың есімі;
2) Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданындағы № 6 көшеге – Сүйеуғали Ыбыраевтың есімі;
3) Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданындағы № 9 көшеге – Ғиззат Ақкөшімовтің есімі;
4) Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданындағы № 11 көшеге – Сопығали Құрманбаевтың есімі;
5) Атырау қаласының Самал шағын ауданындағы № 6 көше – Есболай би есімі;
6) Атырау қаласының Самал шағын ауданындағы № 18 көшеге – Ер Қосайұлы Пыштанай батырдың есімі;
7) Атырау қаласының Мұнайшы шағын ауданындағы № 3 көшеге – Қайым Мұхамедхановтың есімі;
8) Атырау қаласының № 1 көшеге – Асау, Барақ батырлардың есімдері;
9) Атырау қаласының СМП-163 шағын ауданындағы № 1 көшеге – Қабыланбай батырдың есімі берілсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә. Нәутиевке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
Сессия төрағасы | С. Қуанышев |
Мәслихат хатшысы | Ө. Зинуллин |