Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімінің 26.12.2018 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Атырау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қаласы әкімінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 13 "Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (бұдан әрі - Шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3118 болып тіркелген, облыстық "Атырау" газетінде 2015 жылы 7 наурызда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшаның 27-тармағындағы 2-бағананың мәтіні жаңа редакцияда мазмұндалсын: "Атырау қаласы, Ақжайық көшесі, № 69 үй, "Жалпы білім беретін И. Тайманов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Атырау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Нсанбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Шапкенов |
КЕЛІСІЛДІ: Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) "_____" _____________ 2017 ж. |
А. Абдолов |