Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 407 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 маусымда № 3887 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, Еркінқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі, Балауса тұрғын үй алабындағы № 23 көшеге "Қуан Тілеумашевтың" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еркінқала ауылдық округі әкімінің орынбасары М. Кумаргалиевке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Еркінқала ауылдық
      округінің әкімі Е. Тапанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады