Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Кеңозек ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 68 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 сәуірде № 3830 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, Кеңөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау қаласы, Кеңөзек ауылдық округі, "Қайнар" тұрғын үй алабындағы:
      1) № 2 көшеге "Қуан Ерғалиевтың" есімі;
      2) № 20 көшеге "Жайжан Құлмұхановтың" есімі;
      3) № 15 көшеге "Лұқпан Мұхамбетовтің" есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеңөзек ауылдық округі әкімінің орынбасары Ү. Есенғалиеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кеңөзек ауылдық
      округінің әкімі С. Лұқпанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады