Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 9-5 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 сәуірде № 3815 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 2-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Жылыой ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Қ. Далбаев).
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
      ІX сессиясының төрайымы М. Бегайсова
      Аудандық мәслихат
      хатшысы М. Кенғанов

  Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 28 наурыздағы № 9-5 шешіміне қосымша

Жылыой аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі:

      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 35-2 "2016–2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3443 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтардағы "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешімі;
      2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 2-1 "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 35-2 "2016–2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3496 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырдағы "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешімі;
      3. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 шілдедегі № 4-1 "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 35-2 "2016–2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3562 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 тамыздағы "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешімі;
      4. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 31 қазандағы № 6-1 "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 35-2 "2016–2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3675 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 желтоқсандағы "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешімі;
      5. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 8-2 "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 35-2 "2016–2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3715 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 қаңтардағы "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады