"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 қаңтардағы № 7 "Жылыой ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы (нормативтік құқықтық акті нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3081 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпанда аудандық "Кең Жылой" газетінде жарияланған) қаулысының куші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ә. Шәкіровке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Ізбасов |