Жылыой ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 14-4 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қазанда № 3957 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы № 4-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 24.05.2023 № 4-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экология, ауылшаруашылығы, агроөнеркәсіп, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т. Майлыбаев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
14 сессиясының төрағасы
Т. Майлыбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Кенғанов

  Жылыой аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 14-4 шешіміне қосымша

Жылыой ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылыой ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды ( бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртібін анықтайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Жылыой ауданы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына" сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс істеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады