Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 21.04.2021 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8-бабының 2), 3) тармақшаларына және 27 бабына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құлсары қаласы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ж. Ахметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "03" қазан № 372 қаулысына қосымша |
Құлсары қаласы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
№ | Арнайы бөлінген орындар | Сауда орындарының саны |
1 | М.Кенғанов көшесі 3 шағын ауданы, №7 үйдің алды | 13 |
2 | Т.Бекбаулиев көшесі, "Беркад" сауда орталығының маңы | 10 |
3 | Махамбет даңғылы бойындағы №1 мектепке қарсы | 4 |
4 | С.Датов көшесі, №20 мектеп пен "Талғат" дүкенінің маңы | 10 |
5 | М.Таңқыбаев көшесі, "Пирамида" дүкенінің маңы | 10 |
6 | Ж.Аймауытов көшесі, "Ақ Отау" мейрамханасының алды | 10 |