Жылыой ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 14-3 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 қазанда № 3977 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 17-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 30.01.2018 № 17-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8, 13 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экология, ауылшаруашылығы, агроөнеркәсіп, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т. Майлыбаев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
14 сессиясының төрағасы
Т. Майлыбаев
      Аудандық мәслихат
хатшысы
М. Кенғанов

  Жылыой аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №14-3 шешімімен бекітілген
  Жылыой аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №14-3 шешіміне қосымша

Жылыой ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған

ЖОСПАРЫ

Құлсары қаласы, 2017 жыл

Кіріспе

      Жылыой ауданында, жалпы еліміздегі сияқты бүгінге дейін ауылшаруашылығы саласындағы жер қатынастары, негізінен Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен "Шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметі туралы" Заңымен реттелген болатын. Енді, биылдан бастап жайылымдық алқапты пайдалану құқықтық қатынастары "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңмен (бұдан әрі -Заң) басқарылып, ұйымдастырылатын болады. Заңда, еліміздегі жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды реттеуде, жергілікті атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші ұйымдардың жұмысты ұйымдастыру, басқару, жоспарлау жүйесіне қатысты іс-шаралар айқындалған. Жұмысты жүйелі түрде жүргізуге нормалар белгіленіп, нақтыланған.

      Жылыой ауданы көлемі 2935,3 гектар жерді құрайды, оның 2179,9 гектары жайылым алқабы болып есептеледі. Бүгінде осы жайылымдық жерлердің 600,0 мың гектары ғана қолданыста, 73,0 пайызы пайдаланылмағандықтан босалқы жерлер санатында.

      Қазірде аудандағы 5 округ, қала мен кентте мал шаруашылығымен айналысатын 1- жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 273 шаруа қожалықтары жұмыс жасайды және көптеген отбасылар мал ұстап, өнімдерін өз игіліктеріне жаратып отыр. Оларда 94649 бас қой мен ешкі, 23277 бас мүйізді ірі қара, 9470 бас жылқы, 8858 бас түйе малы бар. Осы малдың 60 пайызға жуығы ауыл маңындағы жайылымда бағылуда. Әр мал басына белгіленген норматив бойынша пайдаланып отырылған жайылым көлемін есептесек, онда малды бір жерге қайталап жая берген болып саналады. Бұл шөптердің сиреуіне және мал тұяқтарымен жердің беткі қабаттарының бұзылуына, яғни жерді эрозияға ұшыратады. Мұндай "тұяқкесті", яғни тапталған жайылымдар ауданда жүздеген гектарды алып жатыр. Әсіресе, жайылымдардың тарлығынан эрозияға ұшырап шаңы шыққан, тақыр жерлер негізінен елді мекендер мен малды суаратын аймақтарда көп орын алады.

      Осы жоспардың негізгі мақсаты, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бүлдірмеу үшін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11064 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялан) бұйрығы негізінде аудан көлеміндегі жайылымдарды түгелдей, мал түріне қарай бекітілген нормаға сәйкес пайдалануына талдау жасап, ауданда жаңа Заңдағы қойылған талаптарға сәйкес, жайылымдарды қалпына келтіру, түбегейлі жақсарту, сақтау, тың жерлерді игеру, ұтымды пайдалану жұмыстарын жургізу. Сонымен қатар, жыл мезгілдеріне және пайдалану кезеңдеріне қарай, ауылдық округтердегі тұрғындардың малдарын маусымдық және шалғай жайылымдарға біріктіріп, топтастырып шығарып жаюды ұйымдастыру жайылымдарды тиімді пайдаланудың, малдың жағдайын табудың, жайылым эрозиясын болдырмаудың негізгі жолы. Заң еліміздегі жайылымдар инфрақұрылымдарын жақсартуға, жайылым жерлердің тозуын болдырмауға, олардың қоршаған орта экожүйесіндегі экологиялық тұтастығын сақтауға бағыттайды. Сондай–ақ, экологиялық таза мал өнімдерін арттыру мәселелерін қарастырады.

1. Аудандағы жер санаттары және олардың көлемі

      Аудан көлемі шөл-шөлейтті аймақ зонасына жатады. Топырағы ащы, ылғалы аз, жері сорлы. Өсетін шөптер негізінен жусан, жусан-бүйіргенді, сұр-жусанды және жусан тұқымдастар, ащы жерлерге көкпек, ебелек, бұйырғын, адыраспан өссе, құмды жерлерге қияқ, еркек, қияқ боз, селеу тағы да басқа шөптер өседі. Кей жылдары, көктем ылғалды, жылы болғанда сәуірдің ортасынан бастап эфемерлер (мортық, қоңырбас, сіңбірік, мысық құйрық) сияқты шөптер өсе бастайды. Бұл шөптер бір, бір жарым айларда қурай бастайды. Жайылымды тиімді пайдалану, оның тозуына жол бермеу, әр малдың жақсы жейтін шөбіне қарай орналастыруға да байланысты.

Жер санаттарының атауы

көлемі, мың гектар

оның ішінде

жайылым

суландырылғаны

1

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

678,6

600,3

356,3

2

Елді мекендердің жерлері

124,5

99,6

45,5

3

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл ауыл шаруашылықтық емес жерлер

111
 

57,7
 

-
 

4

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтық жерлер

-
 

-
 

-

5

Орман қоры жері

3,0

2,2

-

6

Су қоры жері

-

-

-

7

Босалқы жерлер

2018,5

1420,1

442,7


Барлығы

2935,3

2179,9

844,3


      Кесте де көрсетілгендей, аудан территориясы табиғи географикалық орналасуына байланысты бес жер санатына бөлінген. Бұл санаттардағы жерлер өз мақсаттарына сәйкес пайдалануда.

      Ал, аудан жайылымдарына жалпы, сипаттама жасайтын болсақ, олардың өнімділігі тұрақты емес, жауын-қардың аз-көптігіне қарап, әр жылдарда өзгеріп отырады. Шөбінің өнімділігі, жылдың ауа райының жағдайына қарай, гектарына 1,0 центнерден 3 центнерге дейін болады. Жайылым шөбінің аздығы және маусымдап пайдаланылатын жайылымдардың бытыраңқылығы себепті малды алыстағы көктемгі, жазғы және күзгі-қысқы жайылымдарға жаюды керек етеді. Кей жылдары қыстың жұмсақтығына қарай, шаруашылық құрылымдардың малдары көбінесе жайылымда болады.

      Аудан жері көлемінің 74 пайызы жайылымдық жер ( жалғанды 1 қосымша). Бүгінде соның 27 пайызы ғана қолданыста немесе 600,0 мың гектары ғана игерілген. Егерде, осы қолданыстағы жайылымды пайдалануды талдайтын болсақ, оның 390,9 мың гектары 273 шаруа қожалықтарында, 209407 гектарын мемлекеттік емес ауылшаруашылығы құрылымдары иемденіп отыр. Ауданда біршама шаруа қожалықтары 200-600 гектардан жалға алған жайылымдарын пайдаланбай, малдарын елді мекендер маңындағы жерлерде ұстауда. Мысалы, Қосшағыл ауылдық округіне қарасты 35 шаруа қожалығының 16-сы, Майкөмген округінде тиісінше 12-ден 8-і, Қара Арна округінде 17-ден 8 шаруа қожалығы малдарын шалғайдағы жерлеріне апарып бақпай отыр.

      Елді мекендердің жерлері санатына қарасты 99600 гектар жайылым алқабының жартысына жуығы ғана суландырылған, яғни бұл жер өз мақсатында толық пайдаланылмай отыр. Ал, босалқы жердегі 1420100 гектар, жайылымның 442700 гектары, немесе 31 пайызы ғана суландырылған. Орман қоры жерінде 2 мыңдай гектар жайылым алқабы бар. Міне, осы жерлерді де қолданыстағы жер пайдалану заңдылықтарына сәйкестендіріп, мал азығы қажеттілігіне игеру жолдарын ойластыру қажет.

      Ауданда табиғи жайылымдардың маусымдық сипаты анық байқалады. Олардың климат жағдайына байланысты, орташа алғанда, 15 миллион центнер жем-шөптік бірлікке тең қоры бар, соның ішінде жазғы маусым үлесіне 20-25 пайызы, көктемгі-күзгі маусым үлесіне 45-50 пайызы және қысқы маусым үлесіне 25-30 пайызы келеді. Қазірде бұрынғы кеншарлардың малдары жайылған жайылым учаскелерінің едәуір бөлігі түрлі себептермен толық пайдаланылмайды. Елді мекенді жерлердегі тұрғындардың қолында біршама малы бар. Жеке меншік иелері, кейбір шаруа қожалықтары малдарын шалғай, құнарлы жайылымдарға шығаруға, жайылым ауыстырып отыруға көңіл бөлмейді. Қысы жазы бір орында отырудың әсерінен, жер тозып, мал азықтық өсімдіктердің түрі азайып, жайылымдар шаруашылық айналымынан шығып, эрозияға ұшырауда.

2. Аудан көлеміндегі жайылымдарды тиімді пайдалану

      Ауданда 5 ауылдық округ, 1 кент орналасқан. Негізінде, ауылдық округтерде төрт түлік малдың басым көпшілігі ауылда қолда ұсталып, жылына алты- жеті ай бойы ауыл маңында жайылады, яғни мал ауылдан 1-2 километрден қашыққа ұзамайды. Қазірде бұл жерлердің басым бөлігі іс жүзінде бүлінген, әрі тозған. Себебі, халықтың жеке ауласындағы мыңнан астам малы мен алыс жайылымға көшпейтін шаруа қожалықтарының малдары осы жерде ұсталады, тиісінше бұл аймақтағы малдың тығыздығы қолданыстағы шектеулі мөлшерден (нормативтен) бірнеше есе жоғары.

Аудан көлеміндегі жайылым пайдаланудың қазіргі жағдайы

Елді мекендер

Жер көлемі, гектар
 

Оның ішінде




жайылым
 

пайдаланыста
 

пайызы

1

Құлсары қаласы
 

35802

1773



2

Жаңа Қаратон кенті
 

8973
 

7117
 



3

Ақкиізтоғай ауылдық округі

10903

880



4

Қосшағыл ауылдық округі

33996

11605



5

Қара –Арна ауылдық округі

12872

1310



6

Жем ауылдық округі

13129

8564



7

Майкөмген ауылдық округі

8671

1666




Барлығы

124346

32915




      Кестеде көрсетілгендей, іс жүзінде қолда бар 2179974 гектар жайылымдық алқаптың 16 пайызы, немесе 340 мың гектары мал жаюға қолданылып отыр. Бұл жерлердің көбі ауыл маңына жақын орналасқан, ал кейбір жайылымдық жерлер белгісіз себептермен тиімсіз пайдаланылуда.

      Ауыл шаруашылығын жекешелендіру кезінде ауылдан шалғай жатқан бұрынғы совхоздардың жайылымдары бос қалды, олардың орнында қалғаны жауапкершілігі шектеулі серіктестікке, өндірістік кооперативтерге өтіп кетсе немесе қыстақтарында отырып қалған, немесе шаруа қожалығын құрған малшылар есепсіз алып алған болуы мүмкін. Осындай жағдайларда, кейбір ауылдық округтерде жайылым жетіспеушілігінің күрделеніп бара жатқандығы байқалады.Ал аудан бойынша жоғарыда айтылғандай, жайылымның жартысынан көбі пайдаланылмай жатыр.

      Қазіргі уақытта, ауыл аумағындағы жайылымды пайдалану тәртібінің сақталмауынан және малды шамадан тыс көп шығаруы, күтілмеуі себепті, мал азықтық өсімдіктер қоры жылдан -жылға азая беруде. Мұның салдарынан, ондай жайылымдарды мал жемейтін шөптер есекмия, итсигек, адыраспан, шоғайна сияқты тағы басқа ірі сабақты өсімдіктер басып барады.

      Сондықтан, қазіргі кезеңде малы көп елді мекендерге малдарын бағу үшін суаратын суы бар шалғай жайылымдарда бағуды және оны 2 учаскеге бөліп ұйымдастыру қажет деп жоспарлап отырмыз. Оларды кезектестіріп пайдалану, яғни ауыстырып пайдалану (1 учаске-бірінші жылдың алғашқы жаю кезеңінде, 2 учаске-жаю кезеңінің ортасынан аяғына дейін пайдаланылады) өсімдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым ғана жайылым айналымы жеке меншік иелерінің өрістерін жаңарту қажет екендігіне көздерін жеткізіп, жерді одан әрі маусымдық пайдалануға жол ашады деген ойдамыз.

      Жалпы, ғылыми тұрғыда негізделген тәжірибеде жайылымдардың өнімділігін ұзақ жылдар сақтау үшін жайылым пайдаланушылар үш негізгі талапты ескеру қажет:

      1) Жайылым учаскесінде малдың мөлшерлі санын сақтау;

      2) Жайылымды пайдаланып болғаннан кейін жалпы өнімнің 30-40 пайызы сақталуы тиіс;

      Жайылымда мал жайылып болғаннан кейін, өсімдіктің биіктігі 4-5 сантиметр болуы қажет. Себебі, аласа өсімдіктің мал түгелге жуық жапырағын жеп қояды да, қысқа қарай олардың қоректік заттар қоры аз қалады.Кейде қыста үсіп кетеді, ал аман қалғандары көктемде қайта көктегенмен оттық сапасы нашар болады.

      3) Мал жаю мерзімін қатаң сақтау. Мал жаюды көктемде, шамамен, көп жылдық шөптер бой көтеріп, олардың көбі түктену (астық тұқымдастар), енді біреулері бұтақтану (жартылай бұталар) кезеңіне жеткен соң 10-12 күннен кейін бастау керек.

      Осы ережелерді сақтамау жайылым өнімінің келер жылы күрт төмендеуіне әкеп соғады. Дегенмен де, түрлі себептермен жайылым оты мөлшерінің жыл бойы талай өзгеріске түсетіні белгілі.

      Бүгінде, жалпы жайылым мен шабындықтардағы өсімдіктердің геоботаникалық құрамы түбірімен өзгерді. Мұндай жағдай жерді мелиорациялауды басқа да агротехникалық шараларды жүргізуді қажет етеді. Шөп өсу қабілетін қалпына келтіру керек қылатын, мықтап тозған жайылымдар үшін ауыспалы жайылым, тәсілін ғылыми негізде жүргізген жөн.

Аудан көлеміндегі малдәрігерлік – санитариялық обьектілер туралы мәлімет

Елді мекендер
 

Мал дәрігерлік пункттері

Мал тоғыту орындары

Қолдан ұрықтандыру пункттері

Мал қорымдары

жоспарланғаны

салынғаны

1

Құлсары қаласы

1

бар


1


2

Жаңа Қаратон поселкесі

1



1


3

Ақкиізтоғай ауылдық округі

1

бар


1


4

Қосшағыл ауылдық округі

1



1


5

Жем ауылдық округі

1

бар

1

1


6

Майкөмген ауылдық округі

1



1


7

Қара-Арна ауылдық округі

1

бар

1

1



Барлығы

7


2

7



      Аудандағы малдәрігерлік пункттер толық мал дәрігері мамандарымен толықтырылған, толықтай жабдықталған (компьютер, тоназытқыш, қажетті саймандары). Ауылдық округтер бойынша мал жайылымға шығар алдындағы жылма – жылғы жоспарланған эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары, мал дәрігерлік алдын-ала егу, аллергиялық және серологиялық тексеру жұмыстары толық орындалып келеді.Ауыл маңындағы жайылымдарда малдәрігерлік тексерістен өтіп отырады.Кестеде көрсетілген округтерде мал тоқыту орындары белгіленген.

      Мал арасында инфекцияның таралуына оларды қалай болса солай күтіп-бағу, шағылыстыруда, төлдетуге, мал денсаулығына бақылаудың жоқтығы, малды біріктіру, топтау ережелерінің бұзылуы тағы басқасына әкеп соғады. Сондықтан, малды күтіп-бағып жайылымды пайдаланудың мал дәрігерлік - санитарлық және зоогигиеналық ережелерін қатаң сақтау қажет. Ауру шыққан жерлерде малдарға вакцинация жасау, дезинфекциялау, дератизациялау жұмыстарын жүргізу тиіс.

      Мал және әдейі ауланып жойылған қаңғыбас иттермен, мысықтар өлекселері арнайы мал қорымдарына тасталады. Бірақ, бұл мал қорымдары, қарабайыр, қазіргі малдәрігерлік талаптарға сай жасалмаған. Биылғы жылы әр округте талапқа сай биотермиялық шұңқырлар, яғни мал қорымдарын салу жоспарланған.Алайда, бұл жұмыстар әлі басталған жоқ. Жалпы, мұндай мал қорымдары аудандағы елді мекендердің барлығында да болуы тиіс. Өйткені, үй жануаларының өлескелерін дер кезінде жинау және жою жұқпалы аурулардың алдын алу болып табылады. Олар топырақты, өсімдіктерді суды және ауаны ластайды.

3. Елді мекенді жерлердегі жайылымдарды маусымдық пайдалануды ұйымдастыру

      Ауданда 7 елді мекен бар. Олардың барлық жер көлемі 124.5 мың гектар,оның 99.9 мың гектары жайылым. Ал, осы жайылымды елді мекендердегі жеке қожалықтар малының әр басына тиісті мөлшер бойынша есептегенде өте аз. Мысалы, "Жаңа Қаратон" кентінде 1222 бас ірі мүйізді қара, 590 бас қой мен ешкі, 31 бас жылқы, 133 бас түйе малы бар. Осы малдарға тиісті мөлшер бойынша 17191 гектар жайылым оты қажет, ал кенттің өзінде 7117 гектар, яғни 10074 гектар жайылым жетіспейді. Сондықтан, әрбір отбасындағы қүнделікті қолданыстағы мал басынан басқа малдарды түріне қарай мал дәрігерлік талаптарға сәйкес біріктіріп, кенттің босалқы жердегі жайылымға шығарып бағуды ұйымдастыру жоспарланып отыр.Әрине, ауыл тұрғындарының малдарын біріктіріп бағудың барлық қажетті жағдайы, яғни бағатын отбасының немесе шаруа қожалықтарының еңбек ақылары, тұрмыстық, әлеуметтік мәселелері түгелдей шешілуі керек. Сондай-ақ, елді мекендерде малшыларды киіз үймен қамтамасыз етіп, адам мен мал қауіпсіздігіне кепілдік беруі тиіс. Бұл қадам, Елбасының тапсырмасына сәйкес, кооперативтерге бірігудің бір қадамы болмақ. Ал, кенттегі шаруа қожалықтарының малына жетіспейтін жайылымдарды қосымша жалға жер алып, малдың отының көлемін кеңейту жолымен шешіледі ( жалғанды 2 қосымша).

      Қосшағыл ауылдық округі бойынша: Қосшағыл ауылдық округінің жер көлемі 117484 гектарды құрайды,оның 98,8 пайызы, яғни 116050 гектар жайылым алқабы. Осы жайылым алқабының 26563 гектарын округтегі жеке қожалықтар, 49551,2 гектарын шаруа қожалықтары пайдалануда. Округ тұрғындарының малдары жайылыммен біркелкі қамтылған. Ал шаруа қожалықтарына жетіспейтін 10,0 мың гектар жайылым отын округтің босалқы жеріндегі жерден жалға беру жоспарлануда( жалғанды 2 қосымша).

      Осылай барлық ауылдық округтегі жайылымды пайдалануды сипаттауға болады.

Жылыой ауданы елді мекендердегі тұрғындар малдарының жайылымдармен қамтамасыз етілуі

Елді мекендер атауы

Мал түрлері

Мал басы

Мөлшерлі жайылым, гектар

Елді мекендер шекарасындағы жайылым, гектар

Қамтылуы
+, -

Мал шығара тын жайылым атауы

басына

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2

Аққиізтоғай ауылдық округі



-

-

52214




Аққиізтоғай ауылы 10903гектар




19644


+32570


мүйізді ірі қара

383

15

5745




қой, ешкі,

1911

3

5733




жылқы

334

21

7014




түйе

480

24

1152




3

Жаңа Қаратон кенті





7117

-16826


Жаңа Қаратон кенті 8973 гектар




23943




мүйізді ірі қара

1222

15

18330




қой, ешкі

590

3

1770




жылқы

31

21

651




түйе

133

24

3192




4

Қосшағыл ауылдық округі








Қосшағыл ауылы 33996 гектар




38877

33996



мүйізді ірі қара

806

15

12075


-15119


қой, ешкі

1993

3

5979




жылқы

99

21

2079




түйе

781

24

18744




5

Қара-Арна ауылдық округі








Шоқпартоғай ауылы 12872 гектар




166644




мүйізді ірі қара

3990

15

5985

80802

-85772


қой, ешкі

29038

3

87114




жылқы

2157

21

45297




түйе

1177

24

28248




6

Жем ауылдық округі








Тұрғызба ауылы 13129 гектар




82938

42400



мүйізді ірі қара

4208

15

6312


40538


қой, ешкі

11453

3

34359




жылқы

1423

21

29883




түйе

516183517

24

12384




7

Майкөмген ауылдық округі





29316



Майкөмген ауылы




121755


-92439


8671 гектар
 

мүйізді ірі қара

3727

15

55905




қой, ешкі

6856

3

20568




жылқы

578

21

12138




түйе

1381

24

33144












Құлсары қаласы
 








Құлсары қаласы 35802 гектар
 




133671

80400

-53271


8

мүйізді ірі қара

4966

15

74490




қой, ешкі

6969

3

20907





жылқы

394

21

8274




түйе

1250

24

30000













      Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарға қажеттілік жоқ.

4. Шалғайдағы жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында жайылым айналымы схемасын жасақтау

      Жылыой ауданының жайылым алқабы қазіргі мал басын толықтай қамтамасыз етеді. Ғылыми дәлелденген тәжірибеде, жемшөптің жылдық балансында жайылымдылық мал азығы 60-70 пайыз құрайды. Ауыл маңындағы өрістерді тыныстантырып, демалдыру үшін маусымдық жайылымдарды көшпелі жолмен дәстүрлі пайдаланған жөн. Маусымдап пайдаланылатын далалық жайылымдарға малды, күні бұрын белгіленген учаскелерге бөліп, алмастырып жаю керек. Сондай - ақ, ең бастысы, малдың пайдалы заттарға бай, жеңіл сіңірілетін табиғи жайылымдарға қол жеткізудің амалдарын ғылыми тұрғыдан және заң шеңберінде реттелетін жағдайда қалыптастыру қажет.

      Жайылым отын тиімді пайдалану, оны пайдалану мерзімінің түрлі схемасын кезектестіру жолымен жүргізіледі. Жайылым айналымы дегеніміз, табиғи жайылымдарды бір жылдан немесе бірнеше жылдан соң қайталанатын және оның өнімділігін төмендетпей, жақсартуға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады. Мәселен, біздің облыс жағдайында далалық және құм жайылымдарын пайдалануды мал жаю маусымын 4 жылдық жайылым айналымында кезектестіре отырып ұйымдастыруға болады. 1 жылы - көктемде, 2 жылы - күзде, қыста, 3жылы - жазда, 4 жылы - қыста, көктемде. Осылай жайылымның геоботаникалық, сумен қамтылу жағдайларына қарай пайдаланылады. Бұл үлгі ретінде. Жалпы, жайылым айналымын қолдану және қоршап пайдалану жүйесі, маусым - маусым бойынша кезектестіруге, өсімдіктердің өнімділігін сақтауға мүмкіндік береді.

      "Қосшағыл", "Аққиізтоғай", "Майкөмген", ауылдық округтеріндегі кең таралған жусан мен әртүрлі шөптерден тұратын жайылымдар үшін барынша қолайлысы - жыл сайын ретімен, жылдың барлық маусымында мал жайып, кезек-кезек 4-белдеулі жайылым айналымын жасау. Әрбір загон, яғни малды қоршап бағатын учаскелер жыл бойы тек бір маусым пайдаланылуы тиіс, егер учаске көктемде пайдаланылса, келесі жылы бұл учаске - жазда, ал келесі жылы-күзде пайдаланылуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана жайылымдық өсімдіктердің тұқым тастауы мүмкін, және азып тозған учаскелер бұрынғы өнімділігін қалпына келтіре алады.

      Сондай-ақ, ауданның шөл және шөлейт жайылымы жағдайында ауыспалы жайылым–шабындық айналымының мынадай да схемаларын ұсынуға болады. Шөп өсу қабілетін қалпына келтіруді керек қылатын, мықтап тозған жайылымдар үшін үш жылдық ауыспалы жайылым шабындық айналымын пайдалану қолайлы.

      1 жылы- шөптер жаппай немесе үстеп егіліп, тынықтырылады;

      2 жылы –тынықтырылады немесе шөбі кем (сепкен шөптердің дәні піскеннен кейін) шабылады;

      3 жылы- мал жайылады, немесе төрт жылдық айналымда, алдыңғы жылдары жоғарыдағы ретпен қайталанады да;

      3- 4 жылдары мал жайылады.

      Жайылымдарды түбірлі жақсарту үшін изен, терескен, бидайық, жусан тәрізді аридті дақылдар өсіру ұсынылады. Бұл өсімдіктер ауа және топырақ қуаңшылығын жақсы көтереді, ең қуаң жылдары өз өсуі мен дамуын тоқтата тұрады, ал жауын-шашын болған кезде ылғалды тез пайдаланып, жедел дами бастайды, бұл біздің жалпы барлық аудандардың табиғи жағдайында өте маңызды болады. Мал азықтық өсімдіктерді көбейтудің мол резерві осында

      Осындай ретпен, бес-алты жылдық жайылым айналым жасауға болады және мал жайылатын жердің аумағы, шөптің өніміне, тұрақтылығына, мал басының өсуіне қарай өзгереді.

5. Қорытынды

      Елімізде мал шаруашылығы саласын дамыту бірінші кезекте, жемшөп қорын тұрақты жолға қойып және оны нығайтып отыруға байланысты. Мал азығының негізгі құрамы жайылым оты болып табылады. Заңның талаптарына сәйкес, ауданда жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру, жоспарлау, басқару жүйесіне қатысты біршама іс- шараларды жүргізуді қажет етеді. Жайылымдық ресурстарды ұтымды және тұрақты басқару туралы мәселелер бүгінде өзекті. Бұл туралы Елбасы өзінің "Қазақстан-2050" Стратегиясында отандық мал шаруашылығын бұрыннан қалыптасқан тарихи дәстүрлерді және жаңа ғылыми техникалық басқаруды ескере отыра қайта жандандыру керек екенін атап өткен болатын.

      Бір сөзбен, осы жоспарда ауданда мал шаруашылығы саласын дамыту үшін табиғи жайылымдарды ұқыпты пайдалануды реттейтін нақты шаралар көзделген. Егер, ауданда жайылымдық алқаптарды тиімді пайдалану жолға қойылатын болса, мал басын өсіруге одан өндірілетін ет, сүт тағы басқа да өнімдерді арттыруға болады.

      -------------------------

  Жылыой ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарына 1 қосымша

     


  Жылыой ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарына 2 қосымша

Жылыой ауданының Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті және ауылдық округтер маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады