Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 17-3 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 4052 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экология, ауылшаруашылығы, агроөнеркәсіп, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т. Майлыбаев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың XVII
сессиясының төрайымы
С. Жұмағалиева
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Кенғанов

  Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 17-3 шешіміне қосымша

Жылыой аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі:

      1. Жылыой аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 3-12 "Жылыой ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3551 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      2. Жылыой аудандық мәслихатының 2016 жылғы 31 қазандағы № 6-4 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жылыой ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3685 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 06 желтоқсан 2016 жылы жарияланған) шешімі;

      3. Жылыой аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 14-3 "Жылыой ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3977 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 қарашадағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады