Жылыой ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 410 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 қарашада № 3987 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, 37 бабына және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3, 13-баптарына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жылыой ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 16.02.2023 № 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Жылыой ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (Е. Ысмағұл) Жылыой ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару бойынша баланс ұстаушы және уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ж. Ахметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі А. Құттұмұрат-ұлы

      КЕЛІСІЛДІ:

      Атырау облысы жолаушылар
көлiгi және автомобиль жолдары
басқармасының басшысы
Қ.Нұртаев

      "25" қазан 2017 ж.

  Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 410 қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 16.02.2023 № 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Жылыой ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 16.02.2023 № 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Автомобиль жолының атауы

Жалпы ұзындығы, шақырымы

"Құлсары-Теңіз-Прорва" жолы

169,00

"Қаратон – Терең Өзек" жолы

22,7

Тұрғызба ауылына кірме жол

7,1

Жаңа Қаратон кентіне кірме жол

1,8

Қосшағыл ауылына кірме жол

2,29

"Құлсары-Ақкиізтоғай" жолы

31,3

Шоқпартоғай ауылына кірме жол

10,8

Қарағай елді мекеніне кірме жол

2,28

Майкөмген ауылына кірме жол

2

Барлығы

249,27

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады