ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 410 "Жылыой ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3987 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Жылыой ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген қаулының "Жылыой ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі" қосымшасында:
оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда жазылсын:
"Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 410 қаулысына қосымша";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жылыой ауданының әкімі | Ж. Каражанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Атырау облысы жолаушылар
көлiгi және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
Жылыой ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 16 ақпандағы № 64 қаулысына қосымша |
|
Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 410 қаулысына қосымша |
Жылыой ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі
Автомобиль жолының атауы | Жалпы ұзындығы, шақырымы |
"Құлсары-Теңіз-Прорва" жолы | 169,00 |
"Қаратон – Терең Өзек" жолы | 22,7 |
Тұрғызба ауылына кірме жол | 7,1 |
Жаңа Қаратон кентіне кірме жол | 1,8 |
Қосшағыл ауылына кірме жол | 2,29 |
"Құлсары-Ақкиізтоғай" жолы | 31,3 |
Шоқпартоғай ауылына кірме жол | 10,8 |
Қарағай елді мекеніне кірме жол | 2,28 |
Майкөмген ауылына кірме жол | 2 |
Барлығы | 249,27 |