Махамбет ауданы аумағында сауда қызметі субъектілері көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 13 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 ақпанда № 3785 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 28.08.2020 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Махамбет ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Сейтқалиевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Құттұмұрат-ұлы
      Келісілді:
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
Атырау облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
Махамбет аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
26 қаңтар 2017 жыл
Л. Мамаева
      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Атырау облысының Ішкі істер департаменті"
мемлекеттік мекемесінің Махамбет аудандық
ішкі істер бөлімінің бастығы
26 қаңтар 2017 жыл
Ә. Тәжбентаев

  Махамбет аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 13 қаулысына қосымша

Махамбет ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

р/с

Елді мекен атауы

Көшпелі сауда жасау үшін арнайы бөлінген орындар

1

Махамбет

"Нарын" орталық базарының аумағы

"Жастар" саябағына кірме қақпасының алды

Сарытоғай

Соңғы аялдаманың сол жақ жаны

2

Ақжайық

Ескі мәдениет үйінің алды

3

Алға

"Мұра" өндіріс кооперативінің ескі ғимаратының алды

4

Ақтоғай

"Жас даурен" бөбекжайының батыс жақ жаны

5

Алмалы

Алмалы ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының алды

Береке

"Адай" дүкенінің сол жақ жаны

6

Бақсай

"Бақсай" мәдениет үйі ғимаратының алды

7

Бейбарыс

Пошта ғимаратының алды

Талдыкөл

Мектеп-бала бақша кешені ғимаратының кірме қақпасының алды

Аққайың

Т.Рысқұлов көшесіндегі №1 үйінің алды

8

Есбол

"Ерасыл" дүкенінің сол жақ жаны

Ортақшыл

Есбол ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының алды

Еңбекшіл

"Табия" дүкенінің алды

9

Сарайшық

Сарайшық орта мектебінің сол жақ жаны

10

Жалғансай

"Шалқыма" мәдениет үйі ғимаратының алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады