"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27, 63 бабтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихатың 2014 жылғы 19 наурыздағы № 182-V "Исатай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2880 санымен тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде аудандық "Нарын таңы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Исатай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Ж. Маштахов).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті ХVIІІ сессиясының төрағасы |
М.Жиенғазиев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Н.Мұханбеталиев |