Қызылқоға ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № XVIII-1 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда № 4018 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 ақпандағы № XXI-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 02.02.2018 № XXI-1 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8, 13-бабтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылқоға ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Баймуратова) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы: Т. Бейсқали

  Қызылқоға аудандық мәслихатының
2017 жылғы "6" желтоқсандағы
№ XVIII-1 шешімімен бекітілген
  Қызылқоға аудандық мәслихатының
2017 жылғы "6" желтоқсандағы
№ XVIII-1 шешіміне қосымша

Қызылқоға ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған
ЖОСПАРЫ

Кіріспе

      Қызылқоға ауданында, жалпы еліміздегі сияқты бүгінге дейін ауыл шаруашылығы саласындағы жер қатынастары, негізінен Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен "Шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметі туралы" Заңымен реттелген болатын. Енді, биылдан бастап жайылымдық алқапты пайдалану құқықтық қатынастары "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңмен (бұдан әрі -Заң) басқарылып, ұйымдастырылатын болады. Заңда, еліміздегі жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды реттеуде, жергілікті атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші ұйымдардың жұмысты ұйымдастыру, басқару, жоспарлау жүйесіне қатысты іс-шаралар айқындалған. Жұмысты жүйелі түрде жүргізуге нормалар белгіленіп, нақтыланған.

      Қызылқоға ауданы көлемі 2488423 гектар жерді құрайды, оның 1545745 гектары жайылым алқабы болып есептеледі. Бүгінде осы жайылымдық жерлердің 407231 мың гектары ғана қолданыста, 73,0 пайызы пайдаланылмағандықтан босалқы жерлер санатында.

      Қазірде аудандағы 10 округ, мал шаруашылығы мен айналысатын 2-жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1- өндірістік кооператив, 187- шаруа қожалықтары жұмыс істейді және 4098 отбасы төрт түлік мал ұстап, өнімдерін өз игіліктеріне жаратып отыр. Жалпы аудан бойынша 75239 қой мен ешкі, 21348 мүйізді ірі қара, 6928 жылқы, 1149 түйе малы бар. Осы малдың 60 пайызға жуығы ауыл маңындағы жайылымда бағылуда. Әр мал басына белгіленген норматив бойынша пайдаланып отырылған жайылым көлемін есептесек, онда малды бір жерге қайталап жая берген болып саналады. Бұл шөптердің сиреуіне және мал тұяқтарымен жердің беткі қабаттарының бұзылуына, яғни жерді эрозияға ұшыратады. Мұндай "тұяқкесті", яғни тапталған жайылымдар ауданда жүздеген гектарды алып жатыр. Әсіресе, жайылымдардың тарлығынан эрозияға ұшырап шаңы шыққан, тақыр жерлер негізінен елді мекендер мен малды суаратын аймақтарда көп орын алады.

      Осы жоспардың негізгі мақсаты, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бүлдірмеу үшін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығы негізінде аудан көлеміндегі жайылымдарды түгелдей, мал түріне қарай бекітілген нормаға сәйкес пайдалануына талдау жасап, ауданда жаңа Заңдағы қойылған талаптарға сәйкес, жайылымдарды қалпына келтіру, түбегейлі жақсарту, сақтау, тың жерлерді игеру, ұтымды пайдалану жұмыстарын жургізу. Сонымен қатар, жыл мезгілдеріне және пайдалану кезеңдеріне қарай, ауылдық округтердегі тұрғындардың малдарын маусымдық және шалғай жайылымдарға біріктіріп, топтастырып шығарып жаюды ұйымдастыру жайылымдарды тиімді пайдаланудың, малдың жағдайын табудың, жайылым эрозиясын болдырмаудың негізгі жолы. Заң еліміздегі жайылымдар инфрақұрылымдарын жақсартуға, жайылым жерлердің тозуын болдырмауға, олардың қоршаған орта экожүйесіндегі экологиялық тұтастығын сақтауға бағыттайды. Сондай–ақ, экологиялық таза мал өнімдерін арттыру мәселелерін қарастырады.

1. Аудандағы жер санаттары және олардың көлемі

      Аудан көлемі шөл-шөлейтті аймақ зонасына жатады. Топырағы ащы, ылғалы аз, жері сорлы. Өсетін шөптер негізінен жусан, жусан-бүйіргенді, сұр-жусанды және жусан тұқымдастар, ащы жерлерге көкпек, ебелек, бұйырғын, адыраспан өссе, құмды жерлерге қияқ, еркек, қияқ боз, селеу тағы да басқа шөптер өседі. Кей жылдары, көктем ылғалды, жылы болғанда сәуірдің ортасынан бастап эфемерлер (мортық, қоңырбас, сіңбірік, мысық құйрық) сияқты шөптер өсе бастайды. Бұл шөптер бір, бір жарым айларда қурай бастайды. Жайылымды тиімді пайдалану, оның тозуына жол бермеу, әр малдың жақсы жейтін шөбіне қарай орналастыруға да байланысты. (осы жоспардың 3 қосымшаға сәйкес)

      Кесте де көрсетілгендей, аудан территориясы табиғи географикалық орналасуына байланысты бес жер санатына бөлінген. Бұл санаттардағы жерлер өз мақсаттарына сәйкес пайдалануда.

      Ал, аудан жайылымдарына жалпы, сипаттама жасайтын болсақ, олардың өнімділігі тұрақты емес, жауын-қардың аз-көптігіне қарап, әр жылдарда өзгеріп отырады. Шөбінің өнімділігі, жылдың ауа райының жағдайына қарай, гектарына 1,0 центнерден 3 центнерге дейін болады. Жайылым шөбінің аздығы және маусымдап пайдаланылатын жайылымдардың бытыраңқылығы себепті малды алыстағы көктемгі, жазғы және күзгі-қысқы жайылымдарға жаюды керек етеді. Кей жылдары қыстың жұмсақтығына қарай, шаруашылық құрылымдардың малдары көбінесе жайылымда болады.

      Аудан жері көлемінің 90 пайызы жайылымдық жер (осы жоспардың 1 қосымшаға сәйкес). Бүгінде соның 35 пайызы ғана қолданыста немесе 493,607 мың гектары ғана игерілген. Егерде, осы қолданыстағы жайылымды пайдалануды талдайтын болсақ, оның 284200мың гектары 187 шаруа қожалықтарында, 131972 гектарын мемлекеттік емес ауылшаруашылығы құрылымдары иемденіп отыр.

      Елді мекендердің жерлері санатына қарасты 103912 гектар жайылым алқабының жартысына жуығы ғана суландырылған, яғни бұл жер өз мақсатында толық пайдаланылмай отыр. Ал, босалқы жердегі 277354 гектар, жайылымның 103912 гектары, немесе 31 пайызы ғана суландырылған. Орман қоры жерінде 2200 гектар жайылым алқабы бар. Міне, осы жерлерді де қолданыстағы жер пайдалану заңдылықтарына сәйкестендіріп, мал азығы қажеттілігіне игеру жолдарын ойластыру қажет.

      Ауданда табиғи жайылымдардың маусымдық сипаты анық байқалады. Олардың климат жағдайына байланысты, орташа алғанда, 15 миллион центнер жем-шөптік бірлікке тең қоры бар, соның ішінде жазғы маусым үлесіне 20-25 пайызы, көктемгі-күзгі маусым үлесіне 45-50 пайызы және қысқы маусым үлесіне 25-30 пайызы келеді. Қазірде бұрынғы кеншарлардың малдары жайылған жайылым учаскелерінің едәуір бөлігі түрлі себептермен толық пайдаланылмайды. Елді мекенді жерлердегі тұрғындардың қолында біршама малы бар. Жеке меншік иелері, кейбір шаруа қожалықтары малдарын шалғай, құнарлы жайылымдарға шығаруға, жайылым ауыстырып отыруға көңіл бөлмейді. Қысы жазы бір орында отырудың әсерінен, жер тозып, мал азықтық өсімдіктердің түрі азайып, жайылымдар шаруашылық айналымынан шығып, эрозияға ұшырауда.

2. Аудан көлеміндегі жайылымдарды тиімді пайдалану

      Ауданда 10 ауылдық округ орналасқан. Негізінде, ауылдық округтерде төрт түлік малдың басым көпшілігі ауылда қолда ұсталып, жылына алты- жеті ай бойы ауыл маңында жайылады, яғни мал ауылдан 1-2 километрден қашыққа ұзамайды. Қазірде бұл жерлердің басым бөлігі іс жүзінде бүлінген, әрі тозған. Себебі, халықтың жеке ауласындағы мыңнан астам малы мен алыс жайылымға көшпейтін шаруа қожалықтарының малдары осы жерде ұсталады, тиісінше бұл аймақтағы малдың тығыздығы қолданыстағы шектеулі мөлшерден (нормативтен) бірнеше есе жоғары.

      Аудан көлеміндегі жайылым пайдаланудың қазіргі жағдайы (осы жоспардың 4 қосымшаға сәйкес)

      Кестеде көрсетілгендей, іс жүзінде қолда бар 1738841 гектар жайылымдық алқаптың 16 пайызы, немесе 229612 мың гектары мал жаюға қолданылып отыр. Бұл жерлердің көбі ауыл маңына жақын орналасқан, ал кейбір жайылымдық жерлер белгісіз себептермен тиімсіз пайдаланылуда.

      Ауыл шаруашылығын жекешелендіру кезінде ауылдан шалғай жатқан бұрынғы совхоздардың жайылымдары бос қалды, олардың орнында қалғаны жауапкершілігі шектеулі серіктестікке, өндірістік кооперативтерге өтіп кетсе немесе қыстақтарында отырып қалған, немесе шаруа қожалығын құрған малшылар есепсіз алып алған болуы мүмкін. Осындай жағдайларда, кейбір ауылдық округтерде жайылым жетіспеушілігінің күрделеніп бара жатқандығы байқалады. Ал аудан бойынша жоғарыда айтылғандай, жайылымның жартысынан көбі пайдаланылмай жатыр.

      Қазіргі уақытта, ауыл аумағындағы жайылымды пайдалану тәртібінің сақталмауынан және малды шамадан тыс көп шығаруы, күтілмеуі себепті, мал азықтық өсімдіктер қоры жылдан -жылға азая беруде. Мұның салдарынан, ондай жайылымдарды мал жемейтін шөптер есекмия, итсигек, адыраспан, шоғайна сияқты тағы басқа ірі сабақты өсімдіктер басып барады.

      Сондықтан, қазіргі кезеңде малы көп елді мекендерге малдарын бағу үшін суаратын суы бар шалғай жайылымдарда бағуды және оны 2 учаскеге бөліп ұйымдастыру қажет деп жоспарлап отырмыз. Оларды кезектестіріп пайдалану, яғни ауыстырып пайдалану (1 учаске-бірінші жылдың алғашқы жаю кезеңінде, 2 учаске-жаю кезеңінің ортасынан аяғына дейін пайдаланылады) өсімдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым ғана жайылым айналымы жеке меншік иелерінің өрістерін жаңарту қажет екендігіне көздерін жеткізіп, жерді одан әрі маусымдық пайдалануға жол ашады деген ойдамыз.

      Жалпы, ғылыми тұрғыда негізделген тәжірибеде жайылымдардың өнімділігін ұзақ жылдар сақтау үшін жайылым пайдаланушылар үш негізгі талапты ескеру қажет:

      1) Жайылым учаскесінде малдың мөлшерлі санын сақтау;

      2) Жайылымды пайдаланып болғаннан кейін жалпы өнімнің 30-40 пайызы сақталуы тиіс;

      Жайылымда мал жайылып болғаннан кейін, өсімдіктің биіктігі 4-5 сантиметр болуы қажет. Себебі, аласа өсімдіктің мал түгелге жуық жапырағын жеп қояды да, қысқа қарай олардың қоректік заттар қоры аз қалады.Кейде қыста үсіп кетеді, ал аман қалғандары көктемде қайта көктегенмен оттық сапасы нашар болады.

      3) Мал жаю мерзімін қатаң сақтау. Мал жаюды көктемде, шамамен, көп жылдық шөптер бой көтеріп, олардың көбі түктену (астық тұқымдастар), енді біреулері бұтақтану (жартылай бұталар) кезеңіне жеткен соң 10-12 күннен кейін бастау керек.

      Осы ережелерді сақтамау жайылым өнімінің келер жылы күрт төмендеуіне әкеп соғады. Дегенмен де, түрлі себептермен жайылым оты мөлшерінің жыл бойы талай өзгеріске түсетіні белгілі.

      Бүгінде, жалпы жайылым мен шабындықтардағы өсімдіктердің геоботаникалық құрамы түбірімен өзгерді. Мұндай жағдай жерді мелиорациялауды басқа да агротехникалық шараларды жүргізуді қажет етеді. Шөп өсу қабілетін қалпына келтіру керек қылатын, мықтап тозған жайылымдар үшін ауыспалы жайылым, тәсілін ғылыми негізде жүргізген жөн.

      Аудан көлеміндегі малдәрігерлік – санитариялық объектілер туралы мәлімет (осы жоспардың 5 қосымшаға сәйкес)

      Аудандағы малдәрігерлік пункттер толық мал дәрігері мамандарымен толықтырылған, толықтай жабдықталған (компьютер, тоназытқыш, қажетті саймандары). Ауылдық округтер бойынша мал жайылымға шығар алдындағы жылма – жылғы жоспарланған эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары, мал дәрігерлік алдын-ала егу, аллергиялық және серологиялық тексеру жұмыстары толық орындалып келеді. Ауыл маңындағы жайылымдарда малдәрігерлік тексерістен өтіп отырады.Кестеде көрсетілген округтерде мал тоқыту орындары белгіленген.

      Мал арасында инфекцияның таралуына оларды қалай болса солай күтіп-бағу, шағылыстыруда, төлдетуге, мал денсаулығына бақылаудың жоқтығы, малды біріктіру, топтау ережелерінің бұзылуы тағы басқасына әкеп соғады. Сондықтан, малды күтіп-бағып жайылымды пайдаланудың мал дәрігерлік - санитарлық және зоогигиеналық ережелерін қатаң сақтау қажет. Ауру шыққан жерлерде малдарға вакцинация жасау, дезинфекциялау, дератизациялау жұмыстарын жүргізу тиіс.

      Мал және әдейі ауланып жойылған қаңғыбас иттермен, мысықтар өлекселері арнайы мал қорымдарына тасталады. Мал қорымдары, қазіргі мал дәрігерлік талаптарға сай жасалған.

3. Елді мекенді жерлердегі жайылымдарды маусымдық пайдалануды ұйымдастыру

      Ауданда 25 елді мекен бар. Олардың барлық жер көлемі 134662 мың гектар,оның 130210 мың гектары жайылым. Ал, осы жайылымды елді мекендердегі жеке қожалықтар малының әр басына тиісті мөлшер бойынша есептегенде өте аз. Мысалы, Миялы ауылдық округінде 2530 бас ірі мүйізді қар, 8952бас қой мен ешкі, 419 жылқы, 21 түйе малы бар. Осы малдарға тиісті мөлшер бойынша 73635 гектар жайылым оты қажет, ал кенттің өзінде 3200 га, яғни 70435 гектар жайылым жетіспейді. Сондықтан, әрбір отбасындағы қүнделікті қолданыстағы мал басынан басқа малдарды түріне қарай мал дәрігерлік талаптарға сәйкес біріктіріп, кенттің босалқы жердегі жайылымға шығарып бағуды ұйымдастыру жоспарланып отыр.Әрине, ауыл тұрғындарының малдарын біріктіріп бағудың барлық қажетті жағдайы, яғни бағатын отбасының немесе шаруа қожалықтарының еңбек ақылары, тұрмыстық, әлеуметтік мәселелері түгелдей шешілуі керек. Сондай-ақ, елді мекендерде малшыларды киіз үймен қамтамасыз етіп, адам мен мал қауіпсіздігіне кепілдік беруі тиіс. Бұл қадам, Елбасының тапсырмасына сәйкес, кооперативтерге бірігудің бір қадамы болмақ. Ал, кенттегі шаруа қожалықтарының малына жетіспейтін жайылымдарды қосымша жалға жер алып, малдың отының көлемін кеңейту жолымен шешіледі ( жалғанды 2 қосымша).

      Ойыл ауылдық округі бойынша: Ойыл ауылдық округінің жер көлемі 105718 гектарды құрайды, оның 98,8 пайызы, яғни 18939 гектар жайылым алқабы. Осы жайылым алқабының 17725 гектарын шаруа қожалықтары пайдалануда. Округ тұрғындарының малдары жайылыммен біркелкі қамтылған. Ал шаруа қожалықтарына жетіспейтін 108350 гектар жайылым отын округтің босалқы жеріндегі жерден жалға беру жоспарлануда (осы жоспардың 2 қосымшаға сәйкес).

      Осылай барлық ауылдық округтегі жайылымды пайдалануды сипаттауға болады.

      Қызылқоға ауданы елді мекендердегі тұрғындар малдарының жайылымдармен қамтамасыз етілуі (осы жоспардың 6 қосымшаға сәйкес)

4. Шалғайдағы жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында жайылым айналымы схемасын жасақтау

      Қызылқоға ауданының жайылым алқабы қазіргі мал басын толықтай қамтамасыз етеді. Ғылыми дәлелденген тәжірибеде, жемшөптің жылдық балансында жайылымдылық мал азығы 60-70 пайыз құрайды. Ауыл маңындағы өрістерді тыныстантырып, демалдыру үшін маусымдық жайылымдарды көшпелі жолмен дәстүрлі пайдаланған жөн. Маусымда пайдаланылатын далалық жайылымдарға малды, күні бұрын белгіленген учаскелерге бөліп, алмастырып жаю керек. Сондай - ақ, ең бастысы, малдың пайдалы заттарға бай, жеңіл сіңірілетін табиғи жайылымдарға қол жеткізудің амалдарын ғылыми тұрғыдан және заң шеңберінде реттелетін жағдайда қалыптастыру қажет.

      Жайылым отын тиімді пайдалану, оны пайдалану мерзімінің түрлі схемасын кезектестіру жолымен жүргізіледі. Жайылым айналымы дегеніміз, табиғи жайылымдарды бір жылдан немесе бірнеше жылдан соң қайталанатын және оның өнімділігін төмендетпей, жақсартуға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады. Мәселен, біздің облыс жағдайында далалық және құм жайылымдарын пайдалануды мал жаю маусымын 4 жылдық жайылым айналымында кезектестіре отырып ұйымдастыруға болады. 1 жылы - көктемде, 2 жылы - күзде, қыста, 3жылы - жазда, 4 жылы - қыста, көктемде. Осылай жайылымның геоботаникалық, сумен қамтылу жағдайларына қарай пайдаланылады. Бұл үлгі ретінде. Жалпы, жайылым айналымын қолдану және қоршап пайдалану жүйесі, маусым - маусым бойынша кезектестіруге, өсімдіктердің өнімділігін сақтауға мүмкіндік береді.

      "Жангелдин", "Мұқыр" ауылдық округтернідегі кең таралған жусан мен әртүрлі шөптерден тұратын жайылымдар үшін барынша қолайлысы- жыл сайын ретімен ,жылдың барлық маусымында мал жайып, кезек-кезек 4-белдеулі жайылым айналымын жасау. Әрбір загон, яғни малды қоршап бағатын учаскелер жыл бойы тек бір маусым пайдаланылуы тиіс, егер учаске көктемде пайдаланылса, келесі жылы бұл учаске - жазда, ал келесі жылы-күзде пайдаланылуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана жайылымдық өсімдіктердің тұқым тастауы мүмкін, және азып тозған учаскелер бұрынғы өнімділігін қалпына келтіре алады.

      Сондай-ақ, ауданның шөл және шөлейт жайылымы жағдайында ауыспалы жайылым–шабындық айналымының мынадай да схемаларын ұсынуға болады. Шөп өсу қабілетін қалпына келтіруді керек қылатын, мықтап тозған жайылымдар үшін үш жылдық ауыспалы жайылым шабындық айналымын пайдалану қолайлы.

      1 жылы-шөптер жаппай немесе үстеп егіліп, тынықтырылады;

      2 жылы-тынықтырылады немесе шөбі кем (сепкен шөптердің дәні піскеннен кейін) шабылады;

      3 жылы-мал жайылады, немесе төрт жылдық айналымда, алдыңғы жылдары жоғарыдағы ретпен қайталанады да;

      3- 4 жылдары мал жайылады.

      Жайылымдарды түбірлі жақсарту үшін изен, терескен, бидайық, жусан тәрізді аридті дақылдар өсіру ұсынылады. Бұл өсімдіктер ауа және топырақ қуаңшылығын жақсы көтереді, ең қуаң жылдары өз өсуі мен дамуын тоқтата тұрады, ал жауын-шашын болған кезде ылғалды тез пайдаланып, жедел дами бастайды, бұл біздің жалпы барлық аудандардың табиғи жағдайында өте маңызды болады. Мал азықтық өсімдіктерді көбейтудің мол резерві осында

      Осындай ретпен, бес-алты жылдық жайылым айналым жасауға болады және мал жайылатын жердің аумағы, шөптің өніміне, тұрақтылығына, мал басының өсуіне қарай өзгереді.

5. Қорытынды

      Елімізде мал шаруашылығы саласын дамыту бірінші кезекте, жемшөп қорын тұрақты жолға қойып және оны нығайтып отыруға байланысты. Мал азығының негізгі құрамы жайылым оты болып табылады. Заңның талаптарына сәйкес, ауданда жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру, жоспарлау, басқару жүйесіне қатысты біршама іс- шараларды жүргізуді қажет етеді. Жайылымдық ресурстарды ұтымды және тұрақты басқару туралы мәселелер бүгінде өзекті. Бұл туралы Елбасы өзінің "Қазақстан-2050" Стратегиясында отандық мал шаруашылығын бұрыннан қалыптасқан тарихи дәстүрлерді және жаңа ғылыми техникалық басқаруды ескере отыра қайта жандандыру керек екенін атап өткен болатын.

      Бір сөзбен, осы жоспарда ауданда мал шаруашылығы саласын дамыту үшін табиғи жайылымдарды ұқыпты пайдалануды реттейтін нақты шаралар көзделген. Егер, ауданда жайылымдық алқаптарды тиімді пайдалану жолға қойылатын болса, мал басын өсіруге одан өндірілетін ет, сүт тағы басқа да өнімдерді арттыруға болады.

  Қызылқоға ауданының жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі 2017-2018 жылдарға
арналған жоспарына 1 қосымша

     


  Қызылқоға ауданының жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі 2017-2018 жылдарға
арналған жоспарына 2 қосымша

Қызылқоға ауданының ауылдық округтер маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

     


  Қызылқоға ауданының жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі 2017-2018 жылдарға
арналған жоспарына 3 қосымша

Аудандағы жер санаттары және олардың көлемі

Жер санаттарының атауы

көлемі, мың гектар

оның ішінде

жайылым

суландырылғаны

1

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

422836

407136

188200

2

Елді мекендердің жерлері

134662

130210

55

3

Өнеркәсіп,көлік,байланыс,қорғаныс және басқа да ауыл ауыл шаруашылықтық емес жерлер

19975

-

-

4

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтық жерлер

-

-

-

5

Орман қоры жері

2200

626


6

Су қоры жері

-

-

-

7

Босалқы жерлер

1159168

1007700

748654


Барлығы

1738841

1545672

936909

  Қызылқоға ауданының жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі 2017-2018 жылдарға
арналған жоспарына 4 қосымша

Аудан көлеміндегі жайылым пайдаланудың қазіргі жағдайы

Елді мекендер

Жер көлемі, гектар

Оның ішінде

жайылым

пайдаланыста

пайызы

1

Миялы ауылдық округі

26613

992



2

Жангелдин ауылдық округі

120020

40192



3

Ойыл ауылдық округі

105718

18939



4

Көздіғара ауылдық округі

100742

18812



5

Қызылқоға ауылдық округі

100150

12787



6

Тасшағыл ауылдық округі

79200

13808



7

Тайсойған ауылдық округі

75771

10229



8

Жамбыл ауылдық округі

109962

10364



9

Мұқыр ауылдық округі

626880

40326



10

Сағыз ауылдық округі

393785

63163




Барлығы

1738841

229612



  Қызылқоға ауданының жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі 2017-2018 жылдарға
арналған жоспарына 5 қосымша

Аудан көлеміндегі малдәрігерлік – санитариялық объектілер туралы мәлімет

Ауылдық округтер

Мал дәрігерлік пунктері

Мал тоғыту орындары

Қолдан ұрықтандыру пунктері

Мал қорымдары

Жоспарланғаны

Салынғаны

1

Миялы ауылдық округі

1

бар




2

Жангелдин ауылдық округі

1





3

Ойыл ауылдық округі

1

бар




4

Көздіғара ауылдық округі

1





5

Қызылқоға ауылдық округі

1





6

Тасшағыл ауылдық округі

1





7

Тайсойған ауылдық округі

1





8

Жамбыл ауылдық округі

1





9

Мұқыр ауылдық округі

1





10

Сағыз ауылдық округі

1






Барлығы

10

2




  Қызылқоға ауданының жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі 2017-2018 жылдарға
арналған жоспарына 6 қосымша

Қызылқоға ауданы елді мекендердегі тұрғындар малдарының жайылымдармен қамтамасыз етілуі

Ауылдық округтер, елді мекендер атауы

Мал түрлері

Мал басы

Мөлшерлі жайылым, га

Елді мекендер шекарасындығы жайылым, ға

Қамтылуы
+, -

Мал шығаратын жайылым атауы

басына

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Миялы ауылдық округі

-

-

-

74139

3200

-70939


Миялы ауылы




74139

3200

-70939


Мүйізді ірі қара

2532

15

37980



Құрманғазы

Қой, ешкі,

8952

3

26856



Ұры

жылқы

419

21

8799



Секер-Самай

түйе

21

24

504



Жаға

2

Жангелдин ауылдық округі




37575

46313

+8738


Жангелдин ауылы




37575

46313

+8738


Мүйізді ірі қара

1045

15

15675



Наурызәлі

Қой, ешкі,

4333

3

12999



Есмырза

жылқы

377

21

7917



Қолат

түйе

41

24

984



Сәлмен

3

Ойыл ауылдық округі




64962

49133

-15829


Жасқайрат ауылы




61113

36298

-24815


Мүйізді ірі қара

2462

15

3693




Қой, ешкі,

11411

3

34233




жылқы

967

21

20307




түйе

120

24

2880




Аққора елді мекені




3849

12835

+8986


Мүйізді ірі қара

157

15

2355



Жарыпшыққан

Қой, ешкі,

365

3

1095




жылқы

19

21

399




түйе

0

24

0




4

Көздіғара ауылдық округі




42615

17500

-25115


Қоныстану ауылы




33237

5020

-28217


Мүйізді ірі қара

795

15

11925



Көздіғара

Қой, ешкі,

4023

3

12069




жылқы

391

21

8211




түйе

43

24

1032




Қосқұлақ елді мекені




4530

6240

+1710


Мүйізді ірі қара

157

15

2355



Абдолқора

Қой, ешкі,

444

3

1332




жылқы

39

21

819




түйе

1

24

24




Бүйрек елді мекені




4848

6240

 +1392


Мүйізді ірі қара

112

15

1680



Табылды

Қой, ешкі,

640

3

1920




жылқы

56

21

1176




түйе

3

24

72




5

Тасшағыл ауылдық округі




 78489

28435

-50054 


Тасшағыл ауылы




67266

6506

 -60706


Мүйізді ірі қара

2960

15

44400



Сексенбай

Қой, ешкі,

6726

3

20178



Көрқияқ

жылқы

104

21

2184



Жапалақ

түйе

21

24

504



Тіленші

Қоғам елді мекені




6219

11495

 +5276


Мүйізді ірі қара

194

15

2910



Ақши

Қой, ешкі,

739

3

2217



Шилі арал

жылқы

44

21

924



Ойыл маңы

түйе

7

24

168




Қоныстану елді мекені




5004

10434

 +5430


Мүйізді ірі қара

158

15

2370



Орлықұдық

Қой, ешкі,

480

3

1440



Қарағай

жылқы

34

21

714



Керік

түйе

20

24

480




6

Жамбыл ауылдық округі




132426 

30294

-102132


Қаракөл ауылы




112752

20294

-92458


Мүйізді ірі қара

2965

15

44475




Қой, ешкі,

6506

3

19518




жылқы

2035

21

42735




түйе

251

24

6024




Айдын елді мекені




19674

10000

-9674


Мүйізді ірі қара

237

15

3555




Қой, ешкі,

720

3

2160




жылқы

539

21

11319




түйе

110

24

2640




7

Қызылқоға ауылдық округі




 25950

13287

-12663


Қарабау ауылы




25950

13287

-12663


Мүйізді ірі қара

714

15

10710




Қой, ешкі,

4131

3

12393




жылқы

123

21

2583




түйе

11

24

264




8

Тайсойған ауылдық округі




 44913

17408

-27505 


Тайсойған ауылы




44913

17408



Мүйізді ірі қара

1235

15

18525



Аққұдық, Биман,

Қой, ешкі,

4647

3

13941



Шыбынды,

жылқы

459

21

9639



Жетібай

түйе

117

24

2808



Шайған,

9

Сағыз ауылдық округі




 116352

79197

-37155 


Сағыз ауылы




90015

38949

 -51066


Мүйізді ірі қара

2208

15

33120



Сарапан

Қой, ешкі,

10799

3

32397



Ақжар

жылқы

946

21

19866



Қызылсай

түйе

193

24

4632



Сарытоғай

Былқылдақты елді мекені




5859

14873

 +9014


Мүйізді ірі қара

150

15

2250



Былқылдақты

Қой, ешкі,

767

3

2301




жылқы

52

21

1092




түйе

9

24

216




Қоңыраулы елді мекені




13725

12688

-1037 


Мүйізді ірі қара

295

15

4425



Төбеқұдық

Қой, ешкі,

1073

3

3219



Қоңыраулы

жылқы

277

21

5817




түйе

11

24

264




Кенбай елді мекені




6753

12687

+5934 


Мүйізді ірі қара

166

15

2490



Кенбай

Қой, ешкі,

976

3

2928




жылқы

51

21

1071




түйе

11

24

264




10

Мұқыр ауылдық округі




 71301

122369

+51068 


Мұқыр ауылы




43146

64764

+21618 


Мүйізді ірі қара

1064

15

15960



Шөпті көл

Қой, ешкі,

4841

3

14523



Кемеркөл

жылқы

587

21

12327




түйе

14

24

336




Жамансор елді мекені




7656

5643

-2013


Мүйізді ірі қара

238

15

3570




Қой, ешкі,

1053

3

3159




жылқы

43

21

903




түйе

1

24

24




Жантерек елді мекені




7461

23656

+16195 


Мүйізді ірі қара

250

15

3750



Кіші көл

Қой, ешкі,

397

3

1191



Қаракөлдеу

жылқы

120

21

2520




түйе


24





Кенбай елді мекені




4128

5643

+1515 


Мүйізді ірі қара

83

15

1245



Қызылсай

Қой, ешкі,

471

3

1413




жылқы

62

21

1302




түйе

7

24

168




Тасқұдық елді мекені




5310

5643

+333 


Мүйізді ірі қара

158

15

2370



Төртмола

Қой, ешкі,

450

3

1350



Тоқсанкөл

жылқы

62

21

1302




түйе

12

24

288




Соркөл елді мекені




2517

12646

+10129 


Мүйізді ірі қара

55

15

825



Ит көмген

Қой, ешкі,

181

3

543




жылқы

49

21

1029




түйе

5

24

120




Сарқұмақ елді мекені




1083

4374

+3291 


Мүйізді ірі қара

12

15

180



Сағыз бойы

Қой, ешкі,

168

3

504




жылқы

19

21

399




түйе


24






Барлығы аудан бойынша




688722

407136

-281586


      Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарға қажеттілік жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады