Индер аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 111-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 маусымда № 3881 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес аудандық мәслихат кезекті ХІІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Индер аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Индер аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Г. Қабиева).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХІІІ сессиясының төрағасы Қ. Гильманов
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Сапаров

  Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 24 мамырдағы № 111-VI шешіміне қосымша

Индер аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы тізбесі

      1) Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 331-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3430 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда "Дендер" газетінде жарияланған);

      2) Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 24 тамыздағы № 34-VІ "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 331-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3611 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда "Дендер" газетінде жарияланған);

      3) Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 75-VІ "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 331-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3753 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қаңтардағы "Дендер" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады