"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27, 63-баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 193-V "Индер аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2911 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 маусымдағы "Дендер" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Индер аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Г. Қабиева).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХVIII сессиясының төрағасы |
Ө. Оразғалиев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Сапаров |