Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 30.01.2018 № 178-VI шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8, 13 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Индер ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономикалық даму, бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Құлғалиев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХVIIІ сессиясының төрағасы |
Ө. Оразғалиев |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Б. Сапаров |
Индер аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 150-VI шешімімен бекітілген | |
Индер аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 150-VI шешіміне қосымша |
Индер ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі
2018-2019 жылдарға арналған
ЖОСПАРЫ
Индербор кенті, 2017 жыл
Кіріспе
Индер ауданында, жалпы еліміздегі сияқты бүгінге дейін ауылшаруашылығы саласындағы жер қатынастары, негізінен Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен "Шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметі туралы" Заңымен реттелген болатын. Енді, биылдан бастап жайылымдық алқапты пайдалану құқықтық қатынастары "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңмен (бұдан әрі -Заң) басқарылып, ұйымдастырылатын болады. Заңда, еліміздегі жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды реттеуде, жергілікті атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші ұйымдардың жұмысты ұйымдастыру, басқару, жоспарлау жүйесіне қатысты іс-шаралар айқындалған. Жұмысты жүйелі түрде жүргізуге нормалар белгіленіп, нақтыланған.
Индер ауданы көлемі 1087,596 гектар жерді құрайды, оның 980,201 гектары жайылым алқабы болып есептеледі. Бүгінде осы жайылымдық жерлердің 343,208 мың гектары қана қолданыста, ал 65,0 пайызы түрлі себептермен пайдаланылмағандықтан босалқы жерлер санатында.
Қазірде аудандағы 6 ауылдық округ, 1 кент, мал шаруашылығымен айналысатын 9 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 338 шаруа қожалықтары жұмыс жасайды және көптеген отбасылар мал ұстап, өнімдерін өз игіліктеріне жаратып отыр. Оларда 65641 бас қой мен ешкі, 12649 бас мүйізді ірі қара, 2355 бас жылқы, 1745 бас түйе малы бар. Осы малдың 60 пайызға жуығы ауыл маңындағы жайылымда бағылуда. Әр мал басына белгіленген норматив бойынша пайдаланып отырылған жайылым көлемін есептесек, онда малды бір жерге қайталап жая берген болып саналады. Бұл шөптердің сиреуіне және мал тұяқтарымен жердің беткі қабаттарының бұзылуына, яғни жерді эрозияға ұшыратады. Мұндай "тұяқкесті", яғни тапталған жайылымдар ауданда жүздеген гектарды алып жатыр. Әсіресе, жайылымдардың тарлығынан эрозияға ұшырап шаңы шыққан, тақыр жерлер негізінен елді мекендер мен малды суаратын аймақтарда көп орын алады.
Осы жоспардың негізгі мақсаты, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бүлдірмеу үшін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығы негізінде аудан көлеміндегі жайылымдарды түгелдей, мал түріне қарай бекітілген нормаға сәйкес пайдалануына талдау жасап, ауданда жаңа Заңдағы қойылған талаптарға сәйкес, жайылымдарды қалпына келтіру, түбегейлі жақсарту, сақтау, тың жерлерді игеру, ұтымды пайдалану жұмыстарын жургізу. Сонымен қатар, жыл мезгілдеріне және пайдалану кезеңдеріне қарай, ауылдық округтердегі тұрғындардың малдарын маусымдық және шалғай жайылымдарға біріктіріп, топтастырып шығарып жаюды ұйымдастыру жайылымдарды тиімді пайдаланудың, малдың жағдайын табудың, жайылым эрозиясын болдырмаудың негізгі жолы. Заң еліміздегі жайылымдар инфрақұрылымдарын жақсартуға, жайылым жерлердің тозуын болдырмауға, олардың қоршаған орта экожүйесіндегі экологиялық тұтастығын сақтауға бағыттайды. Сондай-ақ, экологиялық таза мал өнімдерін арттыру мәселелерін қарастырады.
1. Аудандағы жер санаттары және олардың көлемі
Аудан шөл-шөлейтті аймақ зонасына жатады. Топырағы ащы, ылғалы аз, жері сорлы. Өсетін шөптер негізінен жусан, жусан-бүйіргенді, сұр-жусанды және жусан тұқымдастар, ащы жерлерге көкпек, ебелек, бұйырғын, адыраспан өссе, құмды жерлерге қияқ, еркек, қияқ боз, селеу, тағы басқа шөптер өседі. Кей жылдары, көктем ылғалды, жылы болғанда сәуірдің ортасынан бастап эфемерлер (мортық, қоңырбас, сіңбірік, мысық құйрық) сияқты шөптер өсе бастайды. Бұл шөптер бір жарым айларда қурай бастайды. Жайылымды тиімді пайдалану, оның тозуына жол бермеу, әр малдың жақсы жейтін шөбіне қарай орналастыруға да байланысты.
№ | Жер санаттарының атауы | көлемі, мың гектар | оның ішінде | |
жайылым | суландырылғаны | |||
1 | Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер | 349,254 | 343,208 | 118,529 |
2 | Елдi мекендердiң жерлері | 61,294 | 56,712 | 44,665 |
3 | Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылықтық емес жерлер | 1,71 | - | - |
4 | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтық жерлер | 4- | - | - |
5 | Орман қорының жерлері | 15,361 | 3,401 | 3,313 |
6 | Су қорының жерлері | 14,522 | - | - |
7 | Босалқы жерлер | 644,939 | 576,702 | 278,968 |
Барлығы: | 1087,08 | 980,023 | 445,475 |
Кесте де көрсетілгендей, аудан территориясы табиғи географикалық орналасуына байланысты алты жер санатына бөлінген. Бұл санаттардағы жерлер өз мақсаттарына сәйкес пайдалануда.
Ал, аудан жайылымдарына жалпы, сипаттама жасайтын болсақ, олардың өнімділігі тұрақты емес, жауын-қардың аз-көптігіне қарап, әр жылдарда өзгеріп отырады. Шөбінің өнімділігі, жылдың ауа райының жағдайына қарай, гектарына 1,0 центнерден 3 центнерге дейін болады. Жайылым шөбінің аздығы және маусымдап пайдаланылатын жайылымдардың бытыраңқылығынан, малды алыстағы көктемгі, жазғы және күзгі-қысқы жайылымдарға жаюды керек етеді. Кей жылдары қыстың жұмсақтығына қарай, шаруашылық құрылымдардың малдары көбінесе жайылымда болады.
Аудан жері көлемінің 90 пайызы жайылымдық жер (жалғанды 1 қосымша). Бүгінде соның 35 пайызы ғана қолданыста немесе 343,208 мың гектары ғана игерілген. Егерде, осы қолданыстағы жайылымды пайдалануды талдайтын болсақ, оның 266,1 мың гектары 338 шаруа қожалықтарында, 77,108 мың гектарын мемлекеттік емес ауылшаруашылығы құрылымдары иемденіп отыр. Ауданда біршама жалға алынған жайылымдар пайдаланбай, малдарын елді мекендер маңындағы жерлерде ұстауда. Мысалы, жер учаскесін мал басына шаққанда өз деңгейінде пайдаланбай отырған "Жарсуат" ӨК (50 мың гектар), жерлерін келісім бойынша жоғарыда аталған Заңның баптарына сүйене отырып, уақытша пайдалану көзделіп отыр.
Елді мекендердің жерлері санатына қарасты 56712 гектар жайылым алқабының 44665 гектары ғана суландырылған, яғни бұл жер өз мақсатында толық пайдаланылмай отыр. Ал, босалқы жердегі 576702 гектар жайылымның 278968 гектары немесе 48 пайызы ғана суландырылған. Орман қоры жерінде 3,4 мыңдай гектар жайылым алқабы бар. Міне, осы жерлерді де қолданыстағы жер пайдалану заңдылықтарына сәйкестендіріп, мал азығы қажеттілігіне игеру жолдарын ойластыру қажет.
Ауданда табиғи жайылымдарының маусымдық сипаты анық байқалады. Олардың климат жағдайына байланысты, орташа алғанда, 15 миллион центнер жем-шөптік бірлікке тең қоры бар, соның ішінде жазғы маусым үлесі 20-25 пайызы, көктемгі-күзгі маусым үлесі 45-50 пайызы және қысқы маусым үлесі 25-30 пайызы келеді. Қазірде бұрынғы кеншарлардың малдары жайылған жайылым учаскелерінің едәуір бөлігі түрлі себептермен толық пайдаланылмайды. Елді мекенді жерлердегі тұрғындардың қолында біршама малы бар. Жеке меншік иелері, кейбір шаруа қожалықтары малдарын шалғай, құнарлы жайылымдарға шығаруға, жайылым ауыстырып отыруға көңіл бөлмейді. Қысы жазы бір орында отырудың әсерінен, жер тозып, мал азықтық өсімдіктердің түрі азайып, жайылымдар шаруашылық айналымынан шығып, эрозияға ұшырауда.
2. Аудан көлеміндегі жайылымдарды тиімді пайдалану
Ауданда 6 ауылдық округ, 1 кент орналасқан. Негізінде, ауылдық округтерде төрт түлік малдың басым көпшілігі ауылда қолда ұсталып, жылына алты- жеті ай бойы ауыл маңында жайылады, яғни мал ауылдан 2-3 километрден қашыққа ұзамайды. Қазірде бұл жерлердің басым бөлігі іс жүзінде бүлінген, әрі тозған. Себебі, халықтың жеке ауласындағы мыңнан астам малы мен алыс жайылымға көшпейтін шаруа қожалықтарының малдары осы жерде ұсталады, тиісінше бұл аймақтағы малдың тығыздығы қолданыстағы шектеулі мөлшерден (нормативтен) бірнеше есе жоғары.
Аудан көлеміндегі жайылым пайдаланудың қазіргі жағдайы
№ | Елді мекендер | Жер көлемі, гектар | Оның ішінде | ||
жайылым | пайдаланыста | пайызы | |||
1 | Индербор кенті | 5012 | 4150 | ||
2 | Елтай ауылдық округі | 9246 | 8577 | ||
3 | Есбол ауылдық округі | 12241 | 11832 | ||
4 | Өрлік ауылдық округі | 12138 | 10389 | ||
5 | Көктоғай ауылдық округі | 8000 | 7835 | ||
6 | Бөдене ауылдық округі | 5389 | 4944 | ||
7 | Жарсуат ауылдық округі | 9268 | 8985 | ||
Барлығы | 61294 | 56712 |
Кестеде көрсетілгендей, іс жүзінде қолда бар 980023 гектар жайылымдық алқаптың 35 пайызы, немесе 343,208 мың гектары мал жаюға қолданылып отыр. Бұл жерлердің көбі ауыл маңына жақын орналасқан, ал кейбір жайылымдық жерлер белгісіз себептермен тиімсіз пайдаланылуда.
Ауыл шаруашылығын жекешелендіру кезінде ауылдан шалғай жатқан бұрынғы совхоздардың жайылымдары бос қалды, олардың орнында қалғаны жауапкершілігі шектеулі серіктестікке, өндірістік кооперативтерге өтіп кетсе немесе қыстақтарында отырып қалған, немесе шаруа қожалығын құрған малшылар есепсіз алып алған болуы мүмкін. Осындай жағдайларда, кейбір ауылдық округтерде жайылым жетіспеушілігінің күрделеніп бара жатқандығы байқалады. Ал аудан бойынша жоғарыда айтылғандай, жайылымның жартысынан көбі пайдаланылмай жатыр.
Қазіргі уақытта, ауыл аумағындағы жайылымды пайдалану тәртібінің сақталмауынан және малды шамадан тыс көп шығаруынан, күтілмеуінен, мал азықтық өсімдіктер қоры жылдан-жылға азая беруде. Мұның салдарынан, ондай жайылымдарды мал жемейтін шөптер есекмия, итсигек, адыраспан, шоғайна сияқты тағы басқа ірі сабақты өсімдіктер басып барады.
Сондықтан, қазіргі кезеңде малы көп елді мекендерге малдарын бағу үшін суаратын суы бар шалғай жайылымдарда бағуды және оны 2 учаскеге бөліп ұйымдастыру қажет деп жоспарлап отырмыз. Оларды кезектестіріп пайдалану, яғни ауыстырып пайдалану (1 учаске-бірінші жылдың алғашқы жаю кезеңінде, 2 учаске-жаю кезеңінің ортасынан аяғына дейін пайдаланылады) өсімдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым ғана жайылым айналымы жеке меншік иелерінің өрістерін жаңарту қажет екендігіне көздерін жеткізіп, жерді одан әрі маусымдық пайдалануға жол ашады деген ойдамыз.
Жалпы, ғылыми тұрғыда негізделген тәжірибеде жайылымдардың өнімділігін ұзақ жылдар сақтау үшін жайылым пайдаланушылар үш негізгі талапты ескеру қажет:
1) Жайылым учаскесінде малдың мөлшерлі санын сақтау;
2) Жайылымды пайдаланып болғаннан кейін жалпы өнімнің 30-40 пайызы сақталуы тиіс.
Жайылымда мал жайылып болғаннан кейін, өсімдіктің биіктігі 4-5 сантиметр болуы қажет. Себебі, аласа өсімдіктің мал түгелге жуық жапырағын жеп қояды да, қысқа қарай олардың қоректік заттар қоры аз қалады.Кейде қыста үсіп кетеді, ал аман қалғандары көктемде қайта көктегенмен оттық сапасы нашар болады;
3) Мал жаю мерзімін қатаң сақтау. Мал жаюды көктемде, шамамен, көп жылдық шөптер бой көтеріп, олардың көбі түктену (астық тұқымдастар), енді біреулері бұтақтану (жартылай бұталар) кезеңіне жеткен соң 10-12 күннен кейін бастау керек.
Осы ережелерді сақтамау жайылым өнімінің келер жылы күрт төмендеуіне әкеп соғады. Дегенмен де, түрлі себептермен жайылым оты мөлшерінің жыл бойы талай өзгеріске түсетіні белгілі.
Бүгінде, жалпы жайылым мен шабындықтардағы өсімдіктердің геоботаникалық құрамы түбірімен өзгерді. Мұндай жағдай жерді мелиорациялауды басқа да агротехникалық шараларды жүргізуді қажет етеді. Шөп өсу қабілетін қалпына келтіру керек қылатын, мықтап тозған жайылымдар үшін ауыспалы жайылым, тәсілін ғылыми негізде жүргізген жөн.
Аудан көлеміндегі малдәрігерлік – санитариялық обьектілер туралы мәлімет
№ | Елді мекендер | Мал дәрігерлік пункттері | Мал тоғыту орындары | Қолдан ұрықтандыру пункттері | Мал қорымдары | |
жоспарланғаны | салынғаны | |||||
1 | Индербор кенті | 1 | - | 1 | 1 | 1 |
2 | Елтай ауылдық округі | 1 | - | 1 | 1 | 1 |
3 | Есбол ауылдық округі | 1 | - | 1 | 1 | 1 |
4 | Өрлік ауылдық округі | 1 | - | 1 | 1 | 1 |
5 | Көктоғай ауылдық округі | 1 | - | 1 | 1 | 1 |
6 | Бөдене ауылдық округі | 1 | - | 1 | 1 | 1 |
7 | Жарсуат ауылдық округі | 1 | - | 1 | 1 | 1 |
Барлығы: | 7 | - | 7 | 7 | 7 |
Аудандағы малдәрігерлік пункттер толық мал дәрігері мамандарымен толықтырылған, толықтай жабдықталған (компьютер, тоназытқыш, қажетті саймандары). Ауылдық округтер бойынша мал жайылымға шығар алдындағы жылма – жылғы жоспарланған эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары, мал дәрігерлік алдын-ала егу, аллергиялық және серологиялық тексеру жұмыстары толық орындалып келеді. Ауыл маңындағы жайылымдарда малдәрігерлік тексерістен өтіп отырады. Кестеде көрсетілген округтерде мал тоғыту орындары белгіленбеген, алдағы уақытта жүргізілетін эпизотиялық шаралар ретінде қараған жөн. Ауылдық округ орталықтарында талапқа сай, биотермиялық шұңқырлар, яғни мал қорымдары бар.
Мал арасында инфекцияның таралуына оларды қалай болса солай күтіп-бағу, шағылыстыруда, төлдетуге, мал денсаулығына бақылаудың жоқтығы, малды біріктіру, топтау ережелерінің бұзылуы тағы басқасына әкеп соғады. Сондықтан, малды күтіп-бағып жайылымды пайдаланудың мал дәрігерлік - санитарлық және зоогигиеналық ережелерін қатаң сақтау қажет. Ауру шыққан жерлерде малдарға вакцинация жасау, дезинфекциялау, дератизациялау жұмыстарын жүргізу тиіс.
Мал және әдейі ауланып жойылған қаңғыбас иттер, мысықтар өлекселері арнайы мал қорымдарына тасталады.
3. Елді мекенді жерлердегі жайылымдарды маусымдық пайдалануды ұйымдастыру
Ауданда 13 елді мекен бар. Олардың барлық жер көлемі 61,295 мың гектар, оның 56,712 мың гектары жайылым. Ал, осы жайылымды елді мекендердегі жеке қожалықтар малының әр басына тиісті мөлшер бойынша есептегенде өте аз. Мысалы Индербор кентінде 1488 бас ірі мүйізді қара, 3446 бас қой мен ешкі, 281 бас жылқы, 33 бас түйе малы бар. Осы малдарға тиісті мөлшер бойынша 42 774 гектар жайылым оты қажет, ал кенттің өзінде 5012 гектар, яғни 37762 гектар жайылым жетіспейді. Сондықтан, әрбір отбасындағы қүнделікті қолданыстағы мал басынан басқа малдарды түріне қарай мал дәрігерлік талаптарға сәйкес біріктіріп, босалқы жердегі жайылымға шығарып бағуды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Әрине, ауыл тұрғындарының малдарын біріктіріп бағудың барлық қажетті жағдайы, яғни бағатын отбасының немесе бригаданың еңбек ақылары, тұрмыстық, әлеуметтік мәселелері түгелдей шешілуі керек. Бұл қадам, Елбасының тапсырмасына сәйкес, кооперативтерге бірігудің бір қадамы болмақ. Ал шаруа қожалықтарыдың малына жетіспейтін жайылымдар қосымша жалға жер алып, жер көлемін кеңейту жолымен шешіледі ( жалғанды 2 қосымша).
Мысалы, ұсынылып отырған жоспарға сәйкес, Есбол ауылдық округі бойынша жетіспейтін 49139 гектар жайылым алқабы округке қарасты шалғайдағы Бағырлай каналы, Жамансай, Жалаңаш жар, Ескендір, Тайшық учаскелерін пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі. Көктоғай ауылдық округінің тұрғындарына жетіспейітін жайылым алқабын Қарасу, Жылқыбай, Бөлекбай, Бәкібас учаскелерін пайдалану арқылы шешу жоспарланып отыр.
Кестеде көрсетілген тәртіп бойынша ауылдық округтерге жетіспетін жайылымдар мәселесін шешу жоспарлануда.
Индер ауданы елді мекендеріндегі тұрғындардың малдарын жайылымдармен қамтамасыз етілуі
№ | Елді мекендер атауы | Мал түрлері | Мал басы | Мөлшерлі жайылым, гектар | Елді мекендер шекарасындағы жайылым, гектар | Қамтылуы+, - | Мал шығаратын жайылым атауы | |
Басына | барлығы | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
2 | Индербор кенті | - | - | - | - | 4150 | -38624 | |
Индербор кенті 5012 гектар | 42 774 | |||||||
Мүйізді ірі қара | 1488 | 18 | 26 784 | |||||
Қой, ешкі | 3446 | 3 | 10 338 | |||||
Жылқы | 281 | 18 | 5 058 | |||||
Түйе | 33 | 18 | 594 | |||||
3 | Елтай ауылдық округі | - | - | - | 66096 | 8577 | -57519 | |
Елтай ауылы 7246 гектар | 43743 | 6577 | ||||||
Мүйізді ірі қара | 1681 | 18 | 30258 | |||||
Қой, ешкі | 3163 | 3 | 9489 | |||||
Жылқы | 126 | 18 | 2268 | |||||
Түйе | 96 | 18 | 1728 | |||||
Аққала ауылы 2000 гектар | 22353 | 2000 | ||||||
Мүйізді ірі қара | 807 | 18 | 14526 | |||||
Қой, ешкі | 1739 | 3 | 5217 | |||||
Жылқы | 100 | 18 | 1800 | |||||
Түйе | 45 | 18 | 810 | |||||
4 | Есбол ауылдық округі | - | - | - | 61380 | 11832 | -49548 | |
Есбол ауылы 10241 гектар | 49593 | 9832 | ||||||
Мүйізді ірі қара | 706 | 18 | 12708 | |||||
Қой, ешкі | 9409 | 3 | 28227 | |||||
Жылқы | 249 | 18 | 4482 | |||||
Түйе | 232 | 18 | 4176 | |||||
Ынтымақ ауылы 2000 гектар | 11787 | 2000 | ||||||
Мүйізді ірі қара | 203 | 18 | 3654 | |||||
Қой, ешкі | 2357 | 3 | 7071 | |||||
Жылқы | 29 | 18 | 522 | |||||
Түйе | 30 | 18 | 540 | |||||
5 | Өрлік ауылдық округі | - | - | - | 159765 | 10389 | -149376 | |
Өрлік ауылы 12138 гектар | Мүйізді ірі қара | 3187 | 18 | 57366 | ||||
Қой, ешкі | 27503 | 3 | 82509 | |||||
Жылқы | 598 | 18 | 10764 | |||||
Түйе | 507 | 18 | 9126 | |||||
6 | Көктоғай ауылдық округі | - | - | - | 56301 | 7835 | -48466 | |
Көктоғай ауылы 8000 гектар | Мүйізді ірі қара | 1267 | 18 | 22806 | ||||
Қой, ешкі | 6215 | 3 | 18645 | |||||
Жылқы | 447 | 18 | 8046 | |||||
Түйе | 378 | 18 | 6804 | |||||
7 | Бөдене ауылдық округі | - | - | - | 31047 | 4944 | -26103 | |
Бөдене ауылы 5389 гектар | Мүйізді ірі қара | 880 | 18 | 15840 | ||||
Қой, ешкі | 2501 | 3 | 7503 | |||||
Жылқы | 266 | 18 | 4788 | |||||
Түйе | 162 | 18 | 2916 | |||||
8 | Жарсуат ауылдық округі | - | - | - | 81636 | 8985 | -72651 | |
Жарсуат ауылы 8868 гектар | 39978 | 8585 | ||||||
Мүйізді ірі қара | 857 | 18 | 15426 | |||||
Қой, ешкі | 5580 | 3 | 16740 | |||||
Жылқы | 205 | 18 | 3690 | |||||
Түйе | 229 | 18 | 4122 | |||||
Құрылыс ауылы 100 гектар | 26043 | 100 | ||||||
мүйізді ірі қара | 961 | 18 | 17298 | |||||
Қой, ешкі | 2267 | 3 | 6801 | |||||
Жылқы | 48 | 18 | 864 | |||||
Түйе | 60 | 18 | 1080 | |||||
Қызылжар ауылы 100 гектар | 4518 | 100 | ||||||
мүйізді ірі қара | 181 | 18 | 3258 | |||||
Қой, ешкі | 420 | 3 | 1260 | |||||
Жылқы | 0 | 18 | 0 | |||||
Түйе | 0 | 18 | 0 | |||||
Ақтан ауылы 100 гектар | 1434 | 100 | ||||||
мүйізді ірі қара | 50 | 18 | 900 | |||||
Қой, ешкі | 178 | 3 | 534 | |||||
Жылқы | 0 | 18 | 0 | |||||
Түйе | 0 | 18 | 0 | |||||
Кетебай ауылы 100 гектар | 9663 | 100 | ||||||
мүйізді ірі қара | 381 | 18 | 6858 | |||||
Қой, ешкі | 863 | 3 | 2589 | |||||
Жылқы | 6 | 18 | 108 | |||||
Түйе | 6 | 18 | 108 |
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарға қажеттілік жоқ.
4. Шалғайдағы жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында жайылым айналымы схемасын жасақтау
Индер ауданының жайылым алқабы қазіргі мал басын толықтай қамтамасыз етеді. Ғылыми дәлелденген тәжірибеде, жемшөптің жылдық балансында жайылымдылық мал азығы 60-70 пайыз құрайды. Ауыл маңындағы өрістерді тыныстандырып, демалдыру үшін маусымдық жайылымдарды көшпелі жолмен дәстүрлі пайдаланған жөн. Маусымдап пайдаланылатын далалық жайылымдарға малды, күні бұрын белгіленген учаскелерге бөліп, алмастырып жаю керек. Сондай-ақ, ең бастысы, малдың пайдалы заттарға бай, жеңіл сіңірілетін табиғи жайылымдарға қол жеткізудің амалдарын ғылыми тұрғыдан және заң шеңберінде реттелетін жағдайда қалыптастыру қажет.
Жайылым отын тиімді пайдалану, оны пайдалану мерзімінің түрлі схемасын кезектестіру жолымен жүргізіледі. Жайылым айналымы дегеніміз, табиғи жайылымдарды бір жылдан немесе бірнеше жылдан соң қайталанатын және оның өнімділігін төмендетпей, жақсартуға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады. Мәселен, біздің облыс жағдайында далалық және құм жайылымдарын пайдалануды мал жаю маусымын 4 жылдық жайылым айналымында кезектестіре отырып ұйымдастыруға болады. 1 жылы - көктемде, 2 жылы - күзде, 3 жылы - жазда, 4 жылы - қыста, көктемде. Осылай жайылымның геоботаникалық, сумен қамтылу жағдайларына қарай пайдаланылады. Бұл үлгі ретінде. Жалпы, жайылым айналымын қолдану және қоршап пайдалану жүйесі, маусым - маусым бойынша кезектестіруге, өсімдіктердің өнімділігін сақтауға мүмкіндік береді.
Бөдене, Жарсуат ауылдық округтеріндегі кең таралған жусан мен әртүрлі шөптерден тұратын жайылымдар үшін барынша қолайлысы - жыл сайын ретімен, жылдың барлық маусымында мал жайып, кезек-кезек 4-белдеулі жайылым айналымын жасау. Әрбір загон, яғни малды қоршап бағатын учаскелер жыл бойы тек бір маусым пайдаланылуы тиіс, егер учаске көктемде пайдаланылса, келесі жылы бұл учаске - жазда, ал келесі жылы-күзде пайдаланылуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана жайылымдық өсімдіктердің тұқым тастауы мүмкін және азып тозған учаскелер бұрынғы өнімділігін қалпына келтіре алады.
Сондай-ақ, ауданның шөл және шөлейт жайылымы жағдайында ауыспалы жайылым–шабындық айналымының мынадай да схемаларын ұсынуға болады. Шөп өсу қабілетін қалпына келтіруді керек қылатын, мықтап тозған жайылымдар үшін үш жылдық ауыспалы жайылым шабындық айналымын пайдалану қолайлы.
1 жылы-шөптер жаппай немесе үстеп егіліп, тынықтырылады;
2 жылы –тынықтырылады немесе шөбі кем (сепкен шөптердің дәні піскеннен кейін) шабылады;
3 жылы-мал жайылады, немесе төрт жылдық айналымда, алдыңғы жылдары жоғарыдағы ретпен қайталанады;
3-4 жылдары мал жайылады.
Жайылымдарды түбірлі жақсарту үшін изен, терескен, бидайық, жусан тәрізді аридті дақылдар өсіру ұсынылады. Бұл өсімдіктер ауа және топырақ қуаңшылығын жақсы көтереді, ең қуаң жылдары өз өсуі мен дамуын тоқтата тұрады, ал жауын-шашын болған кезде ылғалды тез пайдаланып, жедел дами бастайды, бұл біздің жалпы барлық аудандардың табиғи жағдайында өте маңызды болады. Мал азықтық өсімдіктерді көбейтудің мол резерві осында.
Осындай ретпен, бес-алты жылдық жайылым айналым жасауға болады және мал жайылатын жердің аумағы, шөптің өніміне, тұрақтылығына, мал басының өсуіне қарай өзгереді.
5. Қорытынды
Елімізде мал шаруашылығы саласын дамыту бірінші кезекте, жемшөп қорын тұрақты жолға қойып және оны нығайтып отыруға байланысты. Мал азығының негізгі құрамы жайылым оты болып табылады. Заңның талаптарына сәйкес, ауданда жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру, жоспарлау, басқару жүйесіне қатысты біршама іс- шараларды жүргізуді қажет етеді. Жайылымдық ресурстарды ұтымды және тұрақты басқару туралы мәселелер бүгінде өзекті. Бұл туралы Елбасы өзінің "Қазақстан-2050" Стратегиясында отандық мал шаруашылығын бұрыннан қалыптасқан тарихи дәстүрлерді және жаңа ғылыми техникалық басқаруды ескере отыра қайта жандандыру керек екенін атап өткен болатын.
Бір сөзбен, осы жоспарда ауданда мал шаруашылығы саласын дамыту үшін табиғи жайылымдарды ұқыпты пайдалануды реттейтін нақты шаралар көзделген. Егер, ауданда жайылымдық алқаптарды тиімді пайдалану жолға қойылатын болса, мал басын өсіруге одан өндірілетін ет, сүт тағы басқа да өнімдерді арттыруға болады.
-------------------------
Индер ауданының жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспарына 1 қосымша |
Индер ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспарына 2 қосымша |