Индер ауданы Елтай ауылындағы кейбір көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 14 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 3839 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысына сәйкес Елтай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Индер ауданы Елтай ауылындағы кейбір көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Е. Дүйшім

  Елтай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "3" сәуірдегі № 14 шешіміне қосымша

Индер ауданы Елтай ауылындағы кейбір көшелерге берілген атаулар

      1. № 1 көшеге – "Маржан Енбаева" есімі;
      2. № 2 көшеге – "Дәулет Базарбаев" есімі;
      3. № 3 көшеге – "Мұқанғазы Сиранов" есімі;
      4. № 4 көшеге – "Мақажан Қабиұлы" есімі;
      5. № 5 көшеге – "Сырым Датұлы" есімі;
      6. № 6 көшеге – "Мұрат Мөңкеұлы" есімі;
      7. № 7 көшеге – "Исатай" есімі;
      8. № 8 көшеге – "Махамбет" есімі;
      9. № 9 көшеге – "Қазақстан" атауы;
      10. № 10 көшеге – "Жеңіс" атауы;
      11. № 11 көшеге – "Мұнайлы" атауы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады