Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 112 "Мақат ауданы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 28 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 наурызда № 3794 болып тіркелді

      "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 112 "Мақат ауданы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3552 санымен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінің 2016 жылғы 21 шілдеде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Мақат ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне (Ж. Есенгалиев) жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Сарсенгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады