Мақат ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы мәслихатының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 140-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 желтоқсанда № 4022 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 153-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 30.01.2018 № 153-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8, 13 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақат ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Аманғалиев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
ХХ сессиясының төрағасы
А. Қабдолов
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Исмагулов

  Мақат аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 140-VI шешімімен бекітілген
  Мақат аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 140-VI шешіміне қосымша

Мақат ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған
ЖОСПАРЫ

Кіріспе

      Мақат ауданында, жалпы еліміздегі сияқты бүгінге дейін ауылшаруашылығы саласындағы жер қатынастары, негізінен ҚР-ның Жер кодексімен реттелген болатын. Енді, биылдан бастап жайылымдық алқапты пайдалану құқықтық қатынастары "Жайылымдар туралы" заңмен басқарылып,ұйымдастырылатын болады. Заңда, еліміздегі жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды реттеуде, жергілікті атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші ұйымдардың жұмысты төрт бағытта, яғни, ұйымдастыру, басқару, жоспарлау жүйесіне қатысты жұмыстар айқындалған. Жұмысты жүйелі түрде жүргізуге нормалар белгіленіп, нақтыланған.

      Мақат ауданы көлемі 487 475 гектар жерді құрайды, оның ішінде 217 569 гектар жерді сор алқабы алып жатыр. Аудан жер қорындағы жайылым көлемі 281 948 гектарды құрайды, оның ішінде 155 341 гектар жер сор алқабы болып табылады. Жайылымның 7843 гектары қазіргі уақытта қолданыста. 274 105 гектар жайылым пайдаланылмағандықтан босалқы жерлер санатында.

      Қазірде аудандағы екі кент және бір ауылдық округте 15 шаруа қожалығы, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс жасайды және 480 отбасы төрт түлік мал ұстап, өнімдерін өз игіліктеріне жаратып отыр. Оларда 1161 мүйізді ірі қара, 2455 бас қой мен ешкі, 477 жылқы, 382 бас түйе малы бар. Осы малдың 70 %-ға жуығы ауыл маңындағы жайылымда бағылуда. Бүгінде пайдаланып отырған елді мекендер маңындағы жайылым көлемін ауыл тұрғындарының малдарының әр басына белгіленген норматив бойынша есептесек, өте тығыз орналасқан болып отыр. Бұл шөптердің сиреуіне және мал тұяқтарымен жердің беткі қабаттарының бұзылуына, яғни жерді эрозияға ұшыратады. Мұндай "түяқкесті" жайылымдар ауданда жүздеген гектарды алып жатыр. Жалпы, жайылымдардың тарлығынан эрозияға ұшыраған шаңы шыққан, тақыр жерлер ауданымызда көп орын алады. .

      Сондықтан, алдағы уақытта, аталған жоспардың негізгі мақсаты, "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес, жайылымдарды қалпына келтіру, түбегейлі жақсарту, сақтау, тың жерлерді игеру, ұтымды пайдалану жұмыстарын жүргізу. Бұл шараға Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі 3-3/332 санды "Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" бұйрығы негізінде мал түріне қарай бекітілген нормаға сәйкес пайдалануға талдау жасау арқылы қол жеткізу ұсынылады. Сонымен қатар, жыл мезгілдеріне және пайдалану кезеңдеріне қарай, ауылдық округтердегі тұрғындардың малдарын маусымдық және шалғай жайылымдарға біріктіріп, топтастырып шығарып жаюды ұйымдастыру жайылымдарды тиімді пайдаланудың, малдың жағдайын табудың, жайылым эрозиясын болдырмаудың негізгі жолы.

      "Жайылымдар туралы" Заң еліміздегі жайылымдар инфроқұрылымдарын жақсартуға, жайылым жерлердің тозуын болдырмауға,олардың қоршаған орта экожүйесіндегі экологиялық тұтастығын сақтауға бағыттайды. Сондай–ақ, экологиялық таза мал өнімдерін арттыру мәселелерін қарастырады.

1. Аудандағы жер санаттары, олардың көлемі және жайылым сипаттамасы.

      Аудан көлемі шөл- шөлейтті аймақ зонасына жатады. Топырағы ащы, ылғалы аз, жері сорлы. Өсетін шөптер негізінен сораңды жусандылар. Бұл шөптер 1,0-1,6 айларда қурай бастайды. Жайылымды тиімді пайдалану, оның тозуына жол бермеу, әр малдың жақсы жейтін шөбіне қарай орналастыруға да байланысты.

      Кестеде көрсетілгендей (осы жоспардың 3 қосымшасына сәйкес), аудан териториясы табиғи географикалық орналасуына байланысты 4 жер санатына бөлінген. Бұл санаттардағы жерлер өз мақсаттарына сәйкес пайдалануда.

      Аудан жайылымдарына жалпы сипаттама жасайтын болсақ, олардың өнімділігі тұрақты емес, жауын-қардың аз-көптігіне қарап, өр жылдарда өзгеріп отырады. Жайылым шөбінің аздығы малды алыстағы көктемгі, жазғы және күзгі-қысқы жайылымдарға жаю керек етеді. Кей жылдары қыстың жұмсақтығына қарай, шаруашылық құрылымдардың малдары көбінесе жайылымда болады. Жер балансы есебіне сәйкес аудан жер көлемінің 65,3 пайызы жайылымдық жер. Алайда, аудан жер көлемінің 45 пайызын (217 569 га), барлық жайылымдық жердің 49 пайызын (155 341 га) сор алып жатыр. Бүгінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мен елді мекендердің жерлеріндегі жайылым алқаптарды есептегенде 0,04 пайызы қолданыста немесе 7 843 мың гектары ғана игерілген. Бұған себеп болып отырған жоғарыда жазылғанындай жеріміздің тең жартысына жуығын сор алып жатыр және суландырылмаған. Елді мекенді жерлердегі тұрғындардың қолында біршама малы бар. Жекеменшік иелері малдарын құнарлылау жайылымдарға шығаруға, жайылым ауыстырып отыруға көңіл бөлмейді. Қысы жазы бір орында отырудың әсерінен, жер тозып, мал азықтық өсімдіктердің түрі азайып, жайылымдар шаруашылық айналымынан шығып, эрозияға ұшырауда.

2. Аудан ауылдық округтеріндегі жайылымдарды тиімді пайдалану.

      Аудандағы 2 кент, бір ауылдық округ орналасқан. Негізінде, кенттерде және ауылдық округте төрт түлік малдың басым көпшілігі ауылда қолда ұсталып, жылына алты- жеті ай бойы ауыл маңында жайылып, яғни мал елді мекенен 1-2 шақырымнан қашыққа ұзамайды. Қазірде бұл жерлердің басым бөлігі іс жүзінде бүлінген, әрі тозған. Себебі, халықтың жеке ауласындағы мыңнан астам малы мен алыс жайылымға көшпейтін шаруа қожалықтардың малдары осы жерде ұсталады, тиісінше бұл аймақтағы малдың тығыздығы қолданыстағы шектеулі мөлшерден (нормативтен) бірнеше есе жоғары.

      Кестеде көрсетілген (осы жоспардың 4 қосымшасына сәйкес), елді мекендерге қарасты жер көлемі толық пайдаланыста деген есепте. Алайда, жоғарыда айтылғандай, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мен елді мекендердің жерлеріндегі жайылым алқаптарды есептегенде толық суландырылмаған , оған қоса эрозияға ұшыраған жер көлемін есептесек, шамамен 25-30 пайызы айналымнан шығып қалған деуге болады. Қалған жер көлемін елді мекендердегі жеке қожалықтардың мал басына белгіленген нормамен есептегенде, одан әлде қайда жоғары болып отыр. Осындай жағдайлар, елді мекендерде жайылым жетіспеушілігінің күрделеніп, жердің айналымнан шығып қалуына, мал өнімділігінің төмендеуіне әкеп соқтыруда.

      Қазіргі уақытта, аудан аумағындағы жайылымды пайдалану тәртібінің сақталмауынан және малды шамадан тыс көп шығаруы, күтілмеуі себепті, мал азықтық өсімдіктер қоры жылдан -жылға азая беруде. Мұның салдарынан, ондай жайылымдарды мал жемейтін шөптер, өсімдіктер басып барады.

      Сондықтан, қазіргі кезеңде малы көп ауылдық қауымға малдарын бағу үшін 2 учаскеге бөліп ұйымдастыру қажет деп жоспарлап отырмыз. Оларды кезектестіріп пайдалану, яғни ауыстырып пайдалану (1 учаске- бірінші жылдың алғашқы жаю кезеңінде,2 учаске- жаю кезеңінің ортасынан аяғына дейін, т.б. пайдаланылады) өсімдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым ғана жайылым айналымы жекеменшік иелерінің өрістерін жаңарту қажет екендігіне көздерін жеткізіп, жерді одан әрі маусымдық пайдалануға жол ашады деген ойдамыз.

      Жалпы, ғылыми тұрғыда негізделген тәжірибеде жайылымдардың өнімділігін ұзақ жылдар сақтау үшін жайылым пайдаланушылар үш негізгі талапты ескеру қажет:

      1. Жайылым учаскеде малдың мөлшерлі санын сақтау;

      2. Жайылымды пайдаланып болғаннан кейін жалпы өнімнің 30-40 пайызы сақталуы тиіс;

      Жайылымда мал жайылып болғаннан кейін, өсімдіктің биіктігі 4-5 см. болуы қажет.Себебі, аласа өсімдіктің мал түгелге жуық жапырағын жеп қояды да, қысқа қарай олардың қоректік заттар қоры аз қалады. Кейде қыста үсіп кетеді, ал аман қалғандары көктемде қайта көктегенмен оттық сапасы нашар болады.

      3. Мал жаю мерзімін қатаң сақтау. Мал жаюды көктемде, шамамен, көп жылдық шөптер бой көтеріп, олардың көбі түктену (астықтұқымдастар), енді біреулері бұтақтану (жартылай бұталар) кезеңіне жеткен соң 10-12 күннен кейін бастау керек.

      Осы ережелерді сақтамау жайылым өнімінің келер жылы күрт төмендеуіне әкеп соғады. Дегенмен де,түрлі себептермен жайылым оты мөлшерінің жыл бойы талай өзгеріске түсетіні белгілі.

      Бүгінде, жалпы жайылым мен шабындықтардағы өсімдіктердің геоботаникалық құрамы түбірімен өзгерді. Мұндай жағдай жерді мелиорациялауды басқа да агротехникалық шараларды жүргізуді қажет етеді.

      Шөп өсу қабілетін қалпына келтіру керек қылатын, мықтап тозған жайылымдар үшін ауыспалы жайылым тәсілін ғылыми негізде жүргізген жөн.

      Сондықтан, алдағы уақытта аудандағы жайылымдық ресурстарды ұтымды пайдалану, әсіресе ауыл маңына жақын орналасқан жайылымдық жерлерге малдың тығыздығын азайту және жайылымдық жерлердің бүлінуінің, тозуының, нашарлап кетуінің алдын алу мақсатында, бөлу мен тұрақты басқару жұмыстарын жаңа қабылданған "Жайылымдар туралы" Заңының талаптарына сәйкестендіріп, әр елді мекеннің өзіндік ерекшеліктеріне қарай, тиісті жайылымдарды басқару және оларды ұқыпты пайдалану жөніндегі нақты жоспарын дайындап, іске асыруды қажет етеді.

      Аудандағы малдәрігерлік пунктер толық малдәрігері мамандарымен толықтырылған, толықтай жабдықталған (компьютер, тоназытқыш, қажетті саймандары жеткілікті). Елді мекендер бойынша жайылымға шығар алдындағы жылма – жылғы жоспарланған эпизотияға қарсы іс-шаралар жоспары, мал дәрігерлік алдын-ала егу, аллергиялық және серологиялық тексеру жұмыстары толық орындалып келеді. Елді мекендер маңындағы жайылымдарда малдәрігерлік тексерістен өтіп отырады. Сонымен қатар айтып өтер болсақ, Мақат кенті мен Бәйгетөбе ауылдық округі өте жақын орналасуына байланысты кейбір нәрселер аталған елді мекендерге ортақ жоспарланған. Мысалға мал қорымы Мақат кенті мен Бәйгетөбе ауылдық округі үшін бір жоспарланып, Бәйгетөбе ауылдық округінің аумағында салынған. Ал, Мақат кентінде орналасқан мал дәрігерлік пункті Мақат кенті мен Бәйгетөбе ауылдық округі үшін ортақ жоспарланған (осы жоспардың 5 қосымшасына сәйкес).

      Мал арасында инфекцияның таралуына оларды қалай болса солай күтіп-

      бағу, шағылыстыруда, төлдетуге, мал денсаулығына бақылаудың жоқтығы, малды біріктіру,топтау ережелерінің бұзылуы т.б. әкеп соғады. Малды бірсыпыра жұқпалы және инвазиялық аурулардан сақтаудың бір тыңғылықты жолы – жайылымдарды дұрыс алмастырып пайдалану. Елді мекендерде, шаруашылық құрылымдарда мал мамандарымен, агрономдармен бірге жайылымдарды пайдаланудың тиімді жүйесін белгілеп,малды әртүрлі маусымды жайылымдарда бағудың мерзімдерін көрсетіп,олардың таза болуы қамтамасыз ету керек. Кейде мал айдайтын қарапайым жолдар мал арасында жұқпалы ауруларды таратады.

      Мал және әдейі ауланып жойылған қаңғыбас иттермен, мысықтар өлекселері арнайы мал қорымдарына тасталады. Жалпы, мұндай мал қорымдары аудандағы елді мекендердің барлығында да болуы тиіс. Өйткені, үй жануарларының өлекселерін дер кезінде жинап және утильдеу жұқпалы аурулардың алдын алу болып табылады.Олар топырақты, өсімдіктерді суды және ауаны ластайды.

3. Елді мекенді жерлердегі жайылымдарды маусымдық пайдалануды ұйымдастыру.

      Ауданда екі кент және бір ауылдық округ бар. Олардың барлық жер көлемі 11 765 гектар, оның ішінде 10714 гектары жайылым. Ал, осы жайылымды елді мекендердегі жеке қожалықтар малының әр басына тиісті мөлшер бойынша есептегенде өте аз. Мысалы, Мақат кентінде 450 бас ірі мүйізді қара, 1268 бас қой мен ешкі, 341 жылқы, 223 бас түйе малы бар.Осы малдарға тиісті мөлшер бойынша 20 024 гектар жайылым оты қажет, ал кенттің өзінде бар болғаны 4714 га, яғни 15 310 гектар жайылым жетіспейді. Сондықтан, әрбір отбасындағы қүнделікті қолданыстағы мал басынан басқа малдарды түріне қарай мал дәрігерлік талаптарға сәйкес біріктіріп, кенттің босалқы жердегі жайылымға шығарып бағуды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Әрине, кент тұрғындарының малдарын біріктіріп бағудың барлық қажетті жағдайы, яғни бағатын отбасының немесе бригаданың еңбек ақылары, тұрмыстық, әлеуметтік мәселелері түгелдей шешілуі керек. Сондай-ақ, ауылдық қауым малшыларды киіз үймен қамтамасыз етіп, адам мен мал қауіпсіздігіне кепілдік беруі тиіс. Бұл қадам, Елбасының тапсырмасына сәйкес, кооперативтерге бірігудің бір қадамы болмақ. Ал, округтердегі шаруа қожалықтарының малына жетіспейтін жайылымдарды қосымша жалға жер алып, малдың отының көлемін кеңейту жолымен шешіледі.

      Доссор кенті бойынша 675 бас мүйізді ірі қара, 709 бас қой мен ешкі, 444 жылқы, 193 бас түйе малы бар.Осы малдарға тиісті мөлшер бойынша 22 830 гектар жайылым қажет, ал кенттің өзінде бар болғаны 2503 га, яғни 20 327 гектар жайылым жетіспейді.

      Бәйгетөбе ауылдық округі бойынша 396 бас мүйізді ірі қара, 1443 қой мен ешкі, 243 бас жылқы, 20 бас түйе бар. Осы малдарға тиісті мөлшер бойынша 14 517 гектар жайылым қажет. Округте барлығы 3497 гектар жайылым бар. Әлі де 11 020 гектар жайылым жетіспейді.

      Жалпы, кестеде (осы жоспардың 6 қосымшасына сәйкес), аудандағы елді мекендердегі ауылшаруашылығы малдарының жайылыммен қамтылуына талдау жасалды. Онда, аудандағы 2 кенттің және 1 ауылдық округтің оларға қарасты (шекараларындағы), жайылым жерлері тұрғындардың иелегіндегі малдарына бекітілген мөлшерде жер көлемімен есептегенде 46 657 гектар жайылым алқабы жетіспейді. Бұл ауыл маңындағы жайылымға малдың өте тығыз орналасуынан жер тозып, қайтадан қалпына келмейтіндей эрозияға ұшырауда.Сондықтан, кент және ауылдық округ әкімшілігі, аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімдерімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңындағы қойылған талаптарына сәйкес, жайылым жерлерді игеру, ұтымды пайдалану жұмыстарын жүргізу үшін өзінің территориялық орналасу ерекшеліктеріне қарай тиісті жайылымдарды басқару және оларды пайдалану іс- шараларын жүргізу қажет.

      Ауданда елді мекендердегі халықтың және шаруашылық құрылымдардың малдарын тиесілі жайылымдық жерлер мен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Ол үшін ауыл тұрғындарының қолданыстағы малдарының және басқа да кент, селоға жақын орналасқан елді мекендегі малдарды шамаман 10 шақырымдық шеңберіндегі жайылымдарға шығарып бағуды ұйымдастыру керек. Яғни, ауданда жерасты тұщы су көзі болмауына байланысты бұдан артық жерге мал жою мүмкін болмайды. Сонымен қатар айтып өтер болсақ Мақат және Доссор кенттерінен 5-10 шақырым жерде Қызылқоға ауданы басталады. Елді мекеннің біраз малы қазіргі уақытта осы Қызылқоға ауданы аумағында да жайылады. Сондықтан Қызылқоға ауданы әкімдігімен келісіп, мал жайылымы үшін жер учаскесін жалға алу немесе басқалай да пайдалану мәселесі шешілуі қажет.

      Сонымен қатар ауылдық окугтерімен келісе отырып, мал басына шаққанда жер учаскелері артық шаруа қожалықтардың жерлерін келісім бойынша жоғарыда аталған заңның баптарына сүйене отырып, уақытша пайдалану көзделеді. Бұл жерде жерді пайдаланған адам тиісті салықтарын төлеп, өзге талаптарды орындай отырып пайдаланады.

      Жалпы, жоғарыда айтылған бағытта, аудан көлеміндегі барлық жайылым алқабын игеру іс-шараларын жүргізу арқылы, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңында қойылған талаптар толықтай орындалады. Егер де жер иесі мал алмаса, ол жайылым, заңға сәйкес, мемлекеттің қорына алынады да заң бойынша жайылым пайдаланушыларға үлестіріліп беріледі.

      Осылайша кенттердегі және ауылдық округтегі жайылымдық жерлерді игеруде заң баптары жұмыс істейді.

4. Елді мекен айналасындағы жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында жайылым айналымы схемасын жасақтау

      Мақат ауданының жайылым алқабы сан жағынан жеткілікті болғанымен де жоғарыда айтылып өтілгендей тұщы су көздері жоқ болуына байланысты шалғайдағы мал жайылымын ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ. Жалпы, ғылыми дәлелденген тәжірибеде, жемшөптің жылдық балансында жайылымдылық мал азығы 60-70 пайыз құрайды. Ауыл маңындағы өрістерді тыныстаттырып, демалдыру үшін маусымдық жайылымдарды көшпелі жолмен дәстүрлі пайдаланған жөн. Маусымдап пайдаланылатын далалық жайылымдарға малды күні бұрын белгіленген учаскелерге бөліп, алмастырып жаю керек. Сондай - ақ, ең бастысы, малдың пайдалы заттарға бай, жеңіл сіңірілетін табиғи жайылымдарға қол жеткізудің амалдарын ғылыми тұрғыдан және заң шеңберінде реттелетін жағдайда қалыптастыру қажет.

      Жайылымды тиімді пайдалану, оны пайдалану мерзімінің түрлі схемасын кезектестіру жолымен жүргізіледі. Жайылым айналымы дегеніміз, табиғи жайылымдарды бір жылдан немесе бірнеше жылдан соң қайталанатын және оның өнімділігін төмендетпей, жақсартуға бағтталған шаралар жүйесі болып табылады.Мәселен, біздің облыс жағдайында далалық және құм жайылымдарын пайдалануды мал жаю масымын 4 жылдық жайылым айналымында кезектестіре отырып ұйымдастыруға болады. 1-ші жылы - көктемде, 2-ші жылы - күзде, қыста, 3-ші жылы- жазда, 4-ші - қыста, көктемде. Осылай жайылымның геоботаникалық, су мен қамтылу жағдайларына қарай пайдаланылады. Бұл үлгі ретінде. Жалпы, жайылым айналымын қолдану және қоршап пайдалану жүйесі, маусым - маусым бойынша кезектестіруге, өсімдіктердің өнімділігін сақтайға мүмкіндік береді.

      Жусан мен әртүрлі шөптерден тұратын жайылымдар үшін барынша қолайлысы - жыл сайын ретімен, жылдың барлық маусымында мал жайып, кезек-кезек 4-белдеулі жайылым айналымын жасау. Әрбір загон жыл бойы тек бір маусым пайдаланылуы тиіс, егер учаске көктемде пайдаланылса, келесі жылы бұл учаске - жазда, ал келесі жылы-күзде пайдаланылуы тиіс және тағы сондай сияқтылар. Тек осы жағдайда ғана жайылымдық өсімдіктердің тұқым тастауы мүмкін және азып тозған учаскелер бұрынғы өнімділігін қалпына келтіре алады.

      Жайылымдарды түбірлі жақсарту үшін изен, терескен, бидайық, жусан тәрізді аридті дақылдар өсіру ұсынылады. Бұл өсімдіктер ауа және топырақ қуаңшылығын жақсы көтереді, ең қуаң жылдары өз өсуі мен дамуын тоқтата тұрады, ал жауын-шашын болған кезде ылғалды тез пайдаланып, жедел дами бастайды, бұл біздің жалпы барлық аудандардың табиғи жағдайында өте маңызды болады. Мал азықтық өсімдіктерді көбейтудің мол резерві осында. Осындай ретпен бес, алты жылдық жайылым айналым жасауға болады және мал жайылатын жердің аумағы, шөптің өніміне, тұрақтылығына, мал басының өсуіне қарай өзгереді.

5. Қорытынды.

      Елімізде мал шаруашылығы саласын дамыту бірінші кезекте жемшөп қорын тұрақты жолға қойып және оны нығайтып отыруға байланысты. Мал азығының негізгі құрамы жайылым оты болып табылады. Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының талаптарына сәйкес, ауданда жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру, жоспарлау, басқару жүйесіне қатысты біршама іс - шараларды жүргізуді қажет етеді. Жайылымдық ресурстарды ұтымды және тұрақты басқару туралы мәселелер бүгінде өзекті. Бұл туралы Елбасы өзінің "Қазақстан-2050" Стратегиясында отандық мал шаруашылығын бұрыннан қалыптасқан тарихи дәстүрлерді және жаңа ғылыми техникалық басқаруды ескере отыра қайта жандандыру керек екенін атап өткен болатын. Осыған байланысты аудандық жер қатынастары бөлімі аталған жайылымдар туралы заңның талаптарын орындау мақсатында ауданда жайылым учаскелерін тиімді пайдалануды жүргізуге 2017-2018 жылдарға арналған іс шаралар жоспарын жасақтады.Онда, ауданда мал шаруашылығы саласын дамыту үшін табиғи жайылымдарды ұқыпты пайдалануды реттейтін нақты шараларды жүргізу көзделген. Осы жоспарды аудандық маслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылады.

      Жалпы, ауданда жайылымдық алқаптарды тиімді пайдалану жолға қойылатын болса, мал басын өсіруге одан өндірілетін ет, сүт тағы басқа өнімдерді арттыруға болады.

  Мақат ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарына 1 қосымша

     


  Мақат ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарына 2 қосымша

Мақат ауданындағы Мақат кенті, Доссор кенті және Бәйгетөбе ауылдық округі маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

     


  Мақат ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарына 3 қосымша

Аудандағы жер санаттары, олардың көлемі және жайылым сипаттамасы

Жер санаттарының атауы

көлемі, мың гектар

оның ішінде

жайылым

суландырылғаны

1

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

7843

7843

-

2

Елді мекендердің жерлері

11765

10714

-

3

Өнеркәсіп,көлік,байланыс,қорғаныс және басқа да ауыл ауыл шаруашылықтық емес жерлер

32304

17402

-

4

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтық жерлер

-

-

-

5

Орман қоры жері

-

-

-

6

Су қоры жері

-

-

-

7

Босалқы жерлер

435563

282263

-


Барлығы

487475

318222

-

  Мақат ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарына 4 қосымша

Аудан елді мекендеріндегі жайылым пайдаланудың қазіргі жағдайы

Ауылдық округтер,қала, кент

Жер көлемі, гектар

Оның ішінде




жайылым

пайдаланыста

%

1

Мақат кенті

4990

4714

4714

100

2

Доссор кенті

3175

2503

2503

100

3

Бәйгітөбе а.о.

3600

3497

3497

100

Барлығы

11765

10714

10714

100

  Мақат ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарына 5 қосымша

Аудандағы малдәрігерлік – санитариялық обьектілер туралы мәлімет


Кенттер, ауылдық округ

Мал дәрігерлік пункттері

Мал тоғыту орындары

Қолдан ұрықтандыру пунктері

Мал қорымдары

жоспарланғаны

салынғаны

1

Мақат кенті

1

-

-

-

-

2

Доссор кенті

1

-

-

1

1

3

Бәйгетөбе а.о.

-

-

-

1

1


Барлығы






  Мақат ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарына 6 қосымша

Мақат ауданы елді мекендердегі тұрғындардың малдарын жайылымдармен қамтамасыз етілуі

№ саны

Ауылдық округтер, елді мекендер атауы

Мал түрлері

Мал басы

Мөлшерлі жайылым, га

Елді мекендер шекарасындығы жайылым, га

Қамтылуы +, -

Мал шығаратын жайылым атауы

басына

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Мақат







Мақат кентінің солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс аумақтары, жаз айларында Білеулі ата, Қызылқоға ауданының Тұрлы, Шеңгелді жайлауларында

Мақат кенті

МІҚ

450

15,0

6750



Қой, ешкі

1268

3,0

3804



Жылқы

341

16,0

5456



түйе

223

18,0

4014



Барлығы




20024

4714

-15310

Доссор

МІҚ

675

15,0

10125



Кенттің шығыс, (Қырық­құдық) солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс (Тасқұдық), батыс оңтүстік аумақтары

Қой, ешкі

709

3,0

2127



Жылқы

444

16,0

7104



түйе

193

18,0

3474



Барлығы




22830

2503

-20327

Бәйгетөбе

МІҚ

396

15,0

5940



Округтің шығыс, оңтүстік-батыс аумақтарында

Қой, ешкі

1443

3,0

4329



Жылқы

243

16,0

3888



түйе

20

18,0

360







14517

3497

-11020


Барлығы




57371

10714

-46657



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады