Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кенті әкімінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 35 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 маусымда № 3886 болып тіркелді

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН",

      АТЫРАУ ОБЛЫСЫ АТЫРАУСКАЯ ОБЛАСТЬ

      МАҚАТ АУДАНЫ МАКАТСКИЙ РАЙОН

      МАҚАТ КЕНТІ АКИМ

      

       "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 – бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде, Мақат кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақат ауданы, Мақат кентінің Қаныш Сатпаев және Саламат Мұқашев көшелерімен қиылысатын көшеге "Исказиев Кенжебек" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау кент әкімінің орынбасары А.Құбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кент әкімі Б. Сәрсен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады