Құрманғазы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 ақпандағы № 127-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 наурызда № 3802 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 2-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Құрманғазы аудандық Маслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Ғ. Карина).
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
      ХІ сессиясының төрағасы Ж. Шакупов
      Аудандық
      мәслихат хатшысы Б. Жүгінісов

  Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 24 ақпандағы № 127-VІ шешіміне қосымша

Құрманғазы аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі:

      1) Құрманғазы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 473-V "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3438 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда аудандық "Серпер" газетінде жарияланған) шешімі;
      2) Құрманғазы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 12-VІ "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 473-V "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3495 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда аудандық "Серпер" газетінде жарияланған) шешімі;
      3) Құрманғазы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 шілдедегі № 51-VІ "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 473-V "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3565 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 тамызда аудандық "Серпер" газетінде жарияланған) шешімі;
      4) Құрманғазы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 қарашадағы № 86-VІ "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 473-V "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3671 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 желтоқсанда аудандық "Серпер" газетінде жарияланған) шешімі;
      5) Құрманғазы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 100-VІ "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 473-V "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3716 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда аудандық "Серпер" газетінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады