Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 221-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қарашада № 3991 болып тіркелді. . Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 172-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 14.09.2022 № 172-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес және аудан әкімдігінің ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2815 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2014 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      5-1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "5-1. Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (отбасы табыстары есепке алынбай) әлеуметтік көмек бекітілсін".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы М. Қуаншалиев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1-ші шілдесінен бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың
ХІХ сессиясының төрағасы
Б. Абдулов
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Жүгінісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады