Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 желтоқсанда № 2815 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 172-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 14.09.2022 № 172-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде "5", "5", "6" тармақтар тиісінше "5", "6", "7" тармақтар болып өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Атырау облысты Құрманғазы аудандық мәслихатының 13.07.2016 № 50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және аудандық әкімдіктің қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары және мөлшерлері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 06.05.2021 № 46-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге, оқу ақысын төлеуде берешегі бар адамның жан басына шаққандағы орташа табысы есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын келесі санаттар бойынша біржолғы әлеуметтік көмек бекітілсін:

      1) жетімдерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға;

      2) мүгедектерге;

      3) аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге.

      4. Орташа табысы есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын келесі адамдарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек бекітілсін:

      1) аз қамтылған отбасыларына;

      2) І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге;

      3) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген тұлғаларға.

      5. Бұрынғы Азғыр полигонымен іргелес Асан, Азғыр және Сүйіндік ауылдық округтерінің елді мекендерінде тұратын келесідей санаттағы азаматтарға ай сайынғы әлеуметтік көмек бекітілсін:

      1) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      2) І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге.

      5-1. Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (отбасы табыстары есепке алынбай) әлеуметтік көмек бекітілсін.

      Ескерту. Шешім 5-1-тармақпен толықтырылды - Атырау облысты Құрманғазы аудандық мәслихатының 13.07.2016 № 50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 5-1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысты Құрманғазы аудандық мәслихатының 02.11.2017 № 221-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш. Жәлелов) тапсырылсын.

      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХХІV сессиясының төрағасы
Б. Кенжебаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев

  Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V шешіміне 1-қосымша

Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

      1. Келесі негіздер бойынша адамдарға (отбасыларға) табысын есепке алмай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі:

      1) жетімдік;

      2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;

      4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;

      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;

      9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;

      11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін.

      12) аз қамтылған отбасыларына;

      13) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;

      14) І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге.

      2. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап азаматтар алты ай ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіруі мүмкін.

  Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V шешіміне 2-қосымша

Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары мен мөлшерлері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 06.05.2021 № 46-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Коммуналдық қызметтерге ай сайынғы әлеуметтік көмек келесідей санаттағы азаматтарға табысы есепке алынбай, көрсетілген мөлшерде берілсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 15 000 теңге;

      2) қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің зайыптарына (жұбайлары) - 15 000 теңге;

      3) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге - 15 000 теңге;

      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 10 000 теңге;

      5) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына - 15 000 теңге;

      6) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға - 15 000 теңге;

      7) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 15 000 теңге;

      8) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына - 15 000 теңге;

      9) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 15 000 теңге;

      10) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 15 000 теңге;

      11) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 15 000 теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады