Шектеу іс шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 17 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 ақпанда № 3776 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 106 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылдық округі әкімінің 17.05.2017 № 106 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңыннын 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақтан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 01-05-4/150 ұсынысы негізінде, Ганюшкин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Иттен құтырма ауруы пайда болуына байланысты Ганюшкин ауылдық округі, Ганюшкин ауылының, Майра Қабдолқызы көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Құрманғазы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Ганюшкин ауылдық
      округінің әкімі М. Мұғалім

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атырау облысы Денсаулық сақтау
      басқармасының "Құрманғазы аудандық
      орталық ауруханасы" шаруашылық
      жүргізу құқығындағы коммуналдық
      мемлекеттік кәсіпорнының бас
      дәрігерінің міндетін атқарушы Г.Мутиева

      2017 жыл 19 қаңтар.

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігі
      Тұтынушылардың құқықтарын
      Қорғау комитетінің Атырау облысы
      тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау департаментінің Құрманғазы
      аудандық тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы К. Утаров

      2017 жыл 19 қаңтар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады