Округ әкімінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 17 "Шектеу іс шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 106 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 маусымда № 3873 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 01-05-03/02-57 ұсынысы негізінде, Ганюшкин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ганюшкин ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 17 "Шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3776 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі М. Мұғалім

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады