Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 21 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 мамырда № 3849 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14–бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37–бабына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде, Нұржау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Нұржау және Жамбыл ауылдарындағы кейбір көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі К. Исмагулов

  Нұржау ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы " 11" сәуірдегі 21 шешіміне қосымша

      Нұржау ауылындағы көше атауларының тізімі:
      1) №1 көшеге – "Мүсіреп Әспембетов" есімі;
      2) №2 көшеге – "Нұрғали Сағындықов" есімі;
      3) №3 көшеге – "Нұрарал" атауы;
      4) №4 көшеге– "Ғапар Боранқұлов" есімі;
      5) №5 көшеге – "Бақтығұл Құспанов" есімі;
      6) №6 көшеге – "Стамғазы Ақботин" есімі;
      7) №7 көшеге – "Әлмұзаж Сәтеков" есімі;
      8) №8 көшеге – "Мұғал Наурызбаев" есімі;
      9) №9 көшеге – "Серікбай ата" есімі;
      10) №10 көшеге – "Ғаділбек Нұртазин" есімі;
      11) №11 көшеге – "Жәлел Нығметов" есімі;
      12) №12 көшеге – "Ілияс Есенберлин" есімі;
      13) №13 көшеге – "Әнуар Исмахов" есімі;
      14) №14 көшеге – "Смағұл Көшекбаев" есімі;
      15) №15 көшеге –"Жұмекен Нәжімеденов" есімі;
      16) №16 көшеге – "Мұзафар Хұсаев" есімі;
      17) №17 көшеге – "Сейткали Сәмиев" есімі.
      Жамбыл ауылындағы көше атауларының тізімі:
      1) №1көшеге – "Бейбітшілік" атауы;
      2) №2 көшеге – "Шалқар"атауы;
      3) №3 көшеге – "Шаттық" атауы;
      4) №4 көшеге – "Жасқанат" атауы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады