Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 8 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 маусымда № 3879 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде, Сафон ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сафон ауылдық округінің Сафон ауылындағы көшелеріне қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Е. Сатылганов

  Сафон ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы " 31 " мамырдағы № 8 шешіміне қосымша

Сафон ауылындағы көше атауларының тізімі:

      1) № 1 көшеге - "Әбу Сәрсенбаев" есімі.

      2) № 2 көшеге - "Жамбыл Жабаев" есімі;

      3) № 3 көшеге - "Абай" есімі;

      4) № 4 көшеге - "Әйтеке би" есімі;

      5) № 5 көшеге - "Балықшы" атауы;

      6) № 6 көшеге - "Мәншук Мәметова" есімі;

      7) № 7 көшеге - "Достық" атауы;

      8) № 8 көшеге - "Азаттық" атауы;

      9) № 9 көшеге - "Жеңіс" атауы;

      10) № 10 көшеге - "Орманды" атауы;

      11) № 11 көшеге - "Александр Афанасьев" есімі;

      12) № 12 көшеге - "Бейбітшілік" атауы;

      13) № 13 көшеге - "Қаныш Сәтпаев" есімі;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады