Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Шортанбай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 15 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 маусымда № 3890 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде, Шортанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шортанбай ауылдық округінің Шортанбай және Жасталап ауылдарындағы көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі С. Набидулаев

  Шортанбай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "2" маусымдағы № 15 шешіміне қосымша

Шортанбай ауылындағы көше атауларының тізімі:

      1) № 1 көшеге - "Бауыржан Момышұлы" есімі;

      2) № 2 көшеге - "Жеңістің 40 жылдығы" атауы;

      3) № 3 көшеге - "Әбу Сарсенбаев" есімі;

      4) № 4 көшеге - "Мәжит Қадыров" есімі;

Жасталап ауылындағы көше атауларының тізімі:

      1) № 1 көшеге - "Ахмет Жұбанов" есімі;

      2) № 2 көшеге - "Мағжан Жұмабаев" есімі;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады