Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 4 қаңтардағы № 3 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/95-VI шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 3959 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 17 қарашадағы қорытындысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Мыналар:
      1. Арыс қаласы Дермене ауылдық округінің Шаян ауылы – Қызылкөпір ауылы болып;
      Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округінің Қамшақ ауылы Зағамбар ауылы болып қайта аталсын.
      2. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласы мен Төлеби ауданының әкімдіктері осы бірлескен қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Д.Ахметов
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев
      Д.Сатыбалды
      Е.Әлімқұлов
      Ж.Бөкенбаев
      Е.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      Р.Мүлкеманов
      К.Меңдебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады