"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Республикалық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
Абай ауданы бойынша:
Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшеге – Зайдулла Сатқанбайұлы көшесі;
Қызылжар шағынауданындағы атауы жоқ көшеге – Райымбек Жұмабеков көшесі;
Еңбекші ауданы бойынша:
Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшеге – Бәкір Қалдыбаев көшесі.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының мына көшелері:
Абай ауданы бойынша:
Қатынкөпір шағынауданындағы Шаяхметов көшесі – Абдулла Сейданов көшесі;
4 шағынаудандағы Фабрициус көшесі – Үрістем Қабылбеков көшесі;
4 шағынаудандағы Бакинцев көшесі – Сарыбай Досжанов көшесі;
Қатынкөпір шағынауданындағы О.Хайдаров көшесі – Мұса Қасқабаев көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
Облыстық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | С.Қуашбай |
Облыстық мәслихатының хатшысы | Қ.Балабиев |
Д.А.Сатыбалды | |
Ә.Е.Тұрғымбеков | |
Ж.Қ.Бөкенбаев | |
Б.С.Жамалов | |
Е.Ә.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
А.С.Сәбитов | |
К.Н.Меңдебаев |