Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 94 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 17 мамырда № 4103 болып тiркелдi

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 29.04.2022 № 82 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 29.04.2022 № 82 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 29.04.2022 № 82 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)..

      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыруын;

      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Ж.Қ.Бөкенбаев
      Б.С.Жамалов
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      А.С.Сәбитов
      К.Н.Меңдебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 18 сәуір 2017 жылғы
№ 94 қаулысына 1 қосымша

"Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұсынатын қызметтер үшін тарифтер мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 29.04.2022 № 82 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 18 сәуір 2017 жылғы
№ 94 қаулысына 2 қосымша

"Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 29.04.2022 № 82 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қызмет атаулары

Өлшем бірлігі

Пайдалану уақыты

Тарифтер мөлшері, теңге

1

2

3

4

5

1

Көлік тұрақтарын ұсыну

1 бірлік

1 тәулік

176

 
2

Туристік құрал-жабдықтар беру, оның ішінде:
1) туристік палаткалар

1 бірлік

1 күн

665

2) жатын қапшықтармен жабдықталған туристік палаткалар

1 бірлік

1 күн

1 500

 
3

Мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер беру, оның ішінде:
1) монша (1-6 адам)

1 бірлік

1 сағат

2 136

2) киіз үйлер

1 бірлік

1 тәулік

10 206

3) тұрмыстық заттармен жабдықталған (ыдыс-аяқ, төсек орындар) киіз үйлер

1 бірлік

1 тәулік

20 000

4) тапшандар (1-6 адамға дейін)

1 бірлік

1 тәулік

5 000

5) тұрмыстық заттармен жабдықталған тапшандар (ыдыс-аяқ, төсек орындар, 6 адамнан көп)

1 бірлік

1 тәулік

6 000

6) кемпинг (ағаш үйлер) (4 адамға дейін)

1 бірлік

1 тәулік

12 000

7) 6 адамдық кемпинг (вагон-үй)

1 бірлік

1 тәулік

8 550

8) жақсартылған жағдаймен салқындатқыш, жылыту құрылғылары бар 6 адамдық кемпинг (вагон-үй)

1 бірлік

1 тәулік

11 000

 
4

Көрсетілетін көлік қызметтерін, сондай-ақ мініс малын уақытша иеленуге және пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну, оның ішінде:
1) қар шанасы

1 бірлік

1 сағат

3 500

2) квадроцикл

1 бірлік

1 сағат

3 500

3) моторлы қайық (1 адам)

1 бірлік

1 сағат

1 820

4) моторлы қайық (4 адам)

1 бірлік

1 сағат

7 277

5) газель NEXT

1 бірлік

1 сағат

8 000

6) мініс ат

1 бірлік

1 сағат

1 850

5

Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу

1 адам

1 тәулік

195

6

Қызметтер:
1) жол серіктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар, кино, бейне және фото таспаларына түсiру

1 топ
(20 адамға дейін)

1 күн

6 540

7

Туристiк соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын ұсыну*

1 адам

1 күн

100


      Ескерту: * көрсететін қызметтер үшін келесі жеңілдіктерді қарастырады:

      -мектеп жасына дейінгі балаларға – тегін;

      -мектеп жасындағы балаларға – 50%;

      -күндізгі маусымдағы студенттерге - 25%.

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
18 сәуірдегі № 94
қаулысына 3-қосымша

"Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ұсынатын қызметтері үшін тарифтер мөлшері

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 29.04.2022 № 82 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады