ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы" 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 94 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4103 болып тiркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы";
көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 1, 3 қосымшалары алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | У. Шукеев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 82 қаулысына қосымша |
|
Түркістан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 94 қаулысына қосымша |
"Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері
№ | Қызмет атаулары | Өлшем бірлігі | Пайдалану уақыты | Тарифтер мөлшері, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Көлік тұрақтарын ұсыну | 1 бірлік | 1 тәулік | 176 |
|
Туристік құрал-жабдықтар беру, оның ішінде: | 1 бірлік | 1 күн | 665 |
2) жатын қапшықтармен жабдықталған туристік палаткалар | 1 бірлік | 1 күн | 1 500 | |
|
Мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер беру, оның ішінде: | 1 бірлік | 1 сағат | 2 136 |
2) киіз үйлер | 1 бірлік | 1 тәулік | 10 206 | |
3) тұрмыстық заттармен жабдықталған (ыдыс-аяқ, төсек орындар) киіз үйлер | 1 бірлік | 1 тәулік | 20 000 | |
4) тапшандар (1-6 адамға дейін) | 1 бірлік | 1 тәулік | 5 000 | |
5) тұрмыстық заттармен жабдықталған тапшандар (ыдыс-аяқ, төсек орындар, 6 адамнан көп) | 1 бірлік | 1 тәулік | 6 000 | |
6) кемпинг (ағаш үйлер) (4 адамға дейін) | 1 бірлік | 1 тәулік | 12 000 | |
7) 6 адамдық кемпинг (вагон-үй) | 1 бірлік | 1 тәулік | 8 550 | |
8) жақсартылған жағдаймен салқындатқыш, жылыту құрылғылары бар 6 адамдық кемпинг (вагон-үй) | 1 бірлік | 1 тәулік | 11 000 | |
|
Көрсетілетін көлік қызметтерін, сондай-ақ мініс малын уақытша иеленуге және пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну, оның ішінде: | 1 бірлік | 1 сағат | 3 500 |
2) квадроцикл | 1 бірлік | 1 сағат | 3 500 | |
3) моторлы қайық (1 адам) | 1 бірлік | 1 сағат | 1 820 | |
4) моторлы қайық (4 адам) | 1 бірлік | 1 сағат | 7 277 | |
5) газель NEXT | 1 бірлік | 1 сағат | 8 000 | |
6) мініс ат | 1 бірлік | 1 сағат | 1 850 | |
5 | Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу | 1 адам | 1 тәулік | 195 |
6 |
Қызметтер: |
1 топ | 1 күн | 6 540 |
7 | Туристiк соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын ұсыну* | 1 адам | 1 күн | 100 |
Ескерту: * көрсететін қызметтер үшін келесі жеңілдіктерді қарастырады:
-мектеп жасына дейінгі балаларға – тегін;
-мектеп жасындағы балаларға – 50%;
-күндізгі маусымдағы студенттерге - 25%.